90-100
Практикалық жұмыс толығымен орындалған, логикалық тұрғыдан
баяндауында қателіктер жоқ, студент өткен тақырыпты меңгеруде
білімі мен дағдыларын толық көлемде көрсете алды.
Оқытушы және студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық және
дұрыс жауап бере алады, пәнге қатысты терминдерді орынды
қолданады және біледі, өз тұжырымын жасай алады, қорытынды
жасайды.
70-89
Практикалық жұмыс толығымен орындалған, бірақ студенттің өз ойын
жеткізуде қателіктер бар.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді,
мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты
айтылмайды.
50-69
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50%-ның болуы
(жазбаша немесе электронды түрде)
Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, қарастырылып отырған мәселе
бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе
толық жауап бере алмайды.
0-49
Практикалық жұмыс тапсырмалары орындалмаған.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның
жауаптарында қателіктер бар.
Жеке, топтық жұмыстарды бағалау критерийлері
95-100
90-94
Жеке, жұптық, топтық жұмыстарда өз рөлін тиянақты орындайды,
ақпараттарды толық түсініп, идеяларды ұсынып, идеяларды топтастыра
алады, тапсырмаларды оқу мақсаттарына сай орындап, өз ойларын
ашық айтады, өзін-өзі бағалайды, өзара бағалауға белсене қатысып,
ұсыныстар жасайды, оқытушымен кері байланыс жасап, сабақты
жетілдіру жолдарын ұсынады.
Жеке, жұптық, топтық жұмыстарда өз рөлін тиянақты орындайды,
ақпараттарды толық түсініп, идеяларды ұсынып, идеяларды топтастыра
алады, тапсырмаларды оқу мақсаттарына сай орындап, өз ойларын
ашық айтады, өзін-өзі бағалайды, өзара бағалауға белсене қатысып,
ішінара ұсыныстар жасайды, оқытушымен кері байланыс жасап,
ішінара сабақты жетілдіру жолдарын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: