Ескерту!
«Мен Келісім шарттарын оқыдым және келісемін» өрісіндегі белгі
Келісім аяғына дейін оқылған соң белсенді қалыпқа келеді.
Келісімді оқыған соң, сонымен қатар Келісімді оқығандығы және онымен
келіскендігі жөнінде белгі қойылған соң «Өтініш беру» батырмасын басу қажет (25-
сурет).
25-сурет. Өтініш беру. Келісім
Ақылы ҰБТ-ға өтініш берген жағдайда тестілеуге қатысу үшін төлем жасау
парақшасы ашылады. Тестілеу құны – 5640 теңге. «Төлем жасау» батырмасы арқылы
тестіленуші келесі парақшадан төлем жасау әдісін таңдайды:
1)
Kaspi қосымшасы арқылы (26-сурет);
2)
Онлайн режимінде төлем (27-сурет).
26-сурет. Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасау парақшасы
27-сурет. Онлайн режимінде төлем жасау парақшасы
Онлайн режимінде төлем жасау әдісі таңдалған жағдайда «Төлем жасау»
батырмасын басу қажет. Банк картасының мәліметтерін енгізетін парақша ашылады (28-
сурет).
28-сурет. Онлайн режимінде төлем жасау парақшасы
Ескерту! Төлемді 60 минуттың ішінде жасау қажет.
Тапсырыс пен өтініштің мәртебесін тексеру үшін «Жаңарту» батырмасын басу
қажет.
Төлем жасалып, өтініш тіркелген кезде «Келесі» батырмасы пайда болады.
Менің іс-әрекетім
Өтініш сәтті қабылданғаннан кейін өтініштің карточкасы бар парақша ашылады.
Берілген өтініш «Менің іс-әрекетім» парақшасында болады. Ол үшін «Менің іс-
әрекетім» бөліміне бүйірлік мәзір арқылы өту қажет (29-сурет).
29-сурет. «Менің іс-әрекетім» парақшасы
Өтініштің карточкасын толық ашу үшін
батырмасын басу қажет. Өтініштің
негізгі мәліметтері ашылады (30-сурет).
30-сурет. «Менің іс-әрекетім» парақшасы. Өтініштің карточкасы
Берілген өтінішке өзгеріс енгізу керек болса, «Өтінішті өңдеу» батырмасын басып,
тиісті өзгерістер енгізу қажет. Ақпаратты түзеткен соң «Сақтау» батырмасын басу керек.
Өтінішті жою керек болса, «Өтінішті жою» батырмасын басу қажет (31-сурет).
31-сурет. «Менің іс-әрекетім» парақшасы. Өтінішті жоюды растау
Тестілеу аяқталған соң және апелляцияға берілген өтініш қаралған соң осы
парақшада тестілеу нәтижесі бар сертификат қолжетімді болады. Оны жүктеп алу үшін
«Сертификатты тексеру» батырмасын басу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |