135
акциялары құрылтайшылары арасында сатылатын, акциялардың құны
басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.
Ұйымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
1. Концерн
– көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп
саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.
2. Ассоциация
– экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті
бірлестігі. Ассоциацияның негізгі
мақсаты ғылыми-техникалық,
өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
3. Консорциум
– ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен
кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат
– бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель
– тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу,
өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.
6. Трест
– белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі
монополисттік бірлестік.
7.3. Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы
айналым. Инвестициялар
Кәсіпкерліктің кез келген түрінде
кәсіпкер әрдайым капитал
жұмсап өзіне тезірек пайда табуға ұмтылады. Бұл үшін кәсіпкер
өндірісті үзбей жалғастырып, ұдайы өндіріс үдерісін жүзеге асырады.
Ұдайы өндірістің үздіксіздігі өнеркәсіптік
капиталды пайдалану
негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік үдерісті, осыған қатысатын
өнеркәсіптік капиталдың функционалдық
формаларының өзгеруі
тұрғысынан қарасақ, оны
А – Т . . . Ө . . . Т ’ – А’
түрінде сипаттауға болады.
Бұл ұдайы өндірістік үдерістің формуласы. Ол мынадай заңды
сатылардан құралады:
А – Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс
факторларына
ақша капиталы
жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы
өндіргіш капиталға
айналады. Бұл
капиталдың қызметі болып өндіріске жағдайлар жасау табылады:
... Ө ...
136
Өндіріс үдерісінде өндіргіш капитал
тауарлық капиталға
айна-
лады және ол үстеме құн (қосымша пайда) өндіру қызметін атқарады:
... Т’ – А’
Дайын тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізгеннен соң
кәсіпкердің қарамағына пайда ретінде түседі. Бұл сатыда тауарлық
капитал тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауарлық
капиталдың қызметі – үстеме құнды жасау және сату.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын
Достарыңызбен бөлісу: