148
22. Ірі бизнестің кемшілігі қандай?
А) Капиталды тартудың шексіз мүмкіндігі
В) Өндіріс ауқымының тиімділігі
С) Қаржыландырудың жұмылдырылуы
D) Басқарудағы бюрократиялық әрекеттердің орын алуы
Е) Арзан өнімдерді өндіру
23. Шешім қабылдау жауапкершілігі кімге артылады?
А) Кәсіпкерге В) Бухгалтерге С) Мемлекетке
D) Салық инспекциясына Е) Қоғамдық ұйымдарға
24. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл:
А) Меншік дегенді білдіреді
В) Тәуекелділікпен байланысты іс-әрекеттер
С) Өндіріс факторларын өзара жұмылдыратын, жаңашылдық пен
тәуекелділікті қажет ететін қызмет түрі
D) Болжамсыз қызмет
Е) Кез келген бизнестің түрі
25. Серіктестіктер қалай құрылады?
А) Өндірістің көлемін бір кәсіпорынның шеңберінде шоғыр-
ландыру арқылы
В) Кәсіпорынның иемдену және басқару шешімдері туралы екі
немесе одан да көп адамдар өзара келіскенде
С) Бағалы қағаздарды шығарумен байланысты фирмалардың
бірігуі жолымен
D) Қаржылық қызметтерін ортақтастыру арқылы
Е) Жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы тұрақты байланыстар
орнату арқылы
Достарыңызбен бөлісу: