Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет13/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

КЕЙНСИАНДЫҚ ТЕОРИЯ.
Бұл бағыттың негізін қалаушы, 
ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі 
Джон Мейнард Кейнс
(1883-
1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, 
ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде 
экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін 
жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле 
алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде 
экономикалық теорияның екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика 


16
қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті.
Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қағидаларынан бас 
тарта отырып нарық өзін-өзін реттей алмайтын тетік екенін 
дәлелдеді. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы 
мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады. Өйткені таза нарық 
жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, 
жұмыссыздық, инфляция, экономиканың кезеңдік ауытқуы, әлеумет-
тік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту сияқты 
күрделі мәселелер өздігінен шешілуі мүмкін емес, осыларды реттеу 
үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласады. Кейнс ең алдымен, 
экономиканың қозғаушы күші деп ұсынысты емес, сұранысты бірінші 
орынға қояды, олай болса, ол жиынтық сұранысты көтеру және 
қолдау үшін мемлекеттің бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын 
жүргізуді ұсынды. Кейнстің макроэкономикалық теориясын 
Элвин 
Хансен

Пол Самуэльсон

Джон Хикс
,
Евсей Домар 
және
Рой 
Харрод
сияқты ғалымдар әрі қарай дамытып, неокейнстік бағыттың 
негізін қалады.
МОНЕТАРИЗМ.
Экономикалық ой-пікірдің бұл ағымы жаңа 
көзқараспен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге келді. 
Монетаризмнің негізін американ экономисі, Нобель сыйлығының 
лауреаты 
Милтон Фридмен
(1912-2006) қалаған. Бұл бағытта 
макроэкономикалық саясаттың ортасында ақша мәселесі орын алады. 
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыты ретінде ақша-
несие саясатын жүргізудің негізі қарастырылады. Мемлекеттің бұл 
жердегі міндеті болып инфляциямен және басқа да мәселелермен 
күресу үшін банктік несие пайызын және ақша массасын бақылап 
отыруы табылады. Фридменнің монетаризм саласындағы жеткен 
жетістіктері Кейнстік талдауды сынға алумен байланысты, оның 
ойынша, шаруашылық өмірдегі күрделі өзгерістер ең алдымен, ақша 
массасымен және ақша импульстерімен тығыз байланысты болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет