234
микалық динамиканың сипатын өзгерте отырып, экономикалық
циклдің қадамына маңызды түрде ықпал жасаудан көрінеді.
Мемлекеттік реттеудің салдарынан циклдік қозғалыстың механизмі
өзгереді.
Циклдік толқуларды жұмсартуға бағытталатын мемлекеттік реттеу
антициклдік сипатқа ие болады. Мемлекеттің экономикалық циклге
әсер етуінің аса маңызды әдістеріне ақша-несие және бюджет-салық
саясатының құралдары жатады. Дағдарыс жағдайында мемлекеттің
шаралары өндірісті ынталандыруға, ал өрлеу жағдайында оны
тежеуге бағытталады. Себебі, экономиканың «қызып кетуін» суыту
мақсатында мемлекет өрлеу фазасында несиенің қымбаттауына, жаңа
салықтарды енгізуге және ескі салықтарды көтеруге, жеделдетілген
амортизацияны тоқтатуға және жаңа инвестицияларға салықтық
жеңілдіктерді алып тастауға мүмкіндік жасайды. Ал дағдарыс
жағдайларында керісінше, мемлекеттік шаралар несиені арзандатуға,
салықтарды қысқартуға, амортизацияны жеделдетуге және жаңа
инвестицияларға салықтық жеңілдіктерді қолдануға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: