Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы



Pdf көрінісі
бет232/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

14.1. Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы
Қаржы
– бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін 
қанағаттан-дыру үшін ақшалай табыстарды, жинақтарды және 
қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен экономикада 
өндірілген жиынтық өнімнің құнын бөлу үдерісінде туындайтын 
экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржының сипатты және айрықша белгілерін анықтау үшін оның 
атқаратын қызметтеріне көңіл бөлу қажет. 
Қаржының атқаратын қызметтері:
1. Бөлу қызметі
– қаржы құралдарын қалыптастыру негізінде 
жасалған жиынтық өнімді экономиканың барлық субъектілері (үй 
шаруашылығы, фирмалар, мемлекет) арасында тиімді орналастыру.


275
2. Бақылау қызметі
– бөлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан 
бейнелеу, бұл жерде қаржы бөлу үдерісінің қаншалықты тиімді 
жүріп жатқандығы ақша қорларының қаншалықты тиімді жұмсалып 
жатқандығы жөнінде ақпарат беріп отырады. 
Қаржы жүйесі экономикалық организмнің қан айналымы жүйесін 
сипаттайды, экономиканың тұтастай қалыпты жұмыс істеуі осы 
саланың жағдайына тәуелді болып табылады.
Қаржы жүйесі
– ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі 
экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және 
орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын 
күрделі қаржы қатынастары. 
Қаржы жүйесі қандай да бір қаржылық қатынастарды сипаттайтын 
болғандықтан, осы қатынастардың субъектілері мен деңгейлері 
бөлініп шығады. Бұлар біріншіден, орталықтандырылған ақша 
қорларын қалыптастыратын мемлекеттік деңгей, екіншіден, 
орталықтандырылмаған ақша қорларын жасайтын шаруашылық 
жүргізуші субъектілердің деңгейі мен үй шаруашылықтарының 
деңгейі болып табылады. Осындай деңгейлерде қаржы ресурстарын 
қалыптастырудың және пайдаланудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет