«Банк» ұғымы
итальян сөзінен аударғанда
«орындық» деген мағынаны білдіреді.
Банк – уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, жұмылдырып,
оларды үстеме пайыз арқылы орналастырумен айналысатын
экономикалық институт. Банктің ресурстары ішкі ресурстар, сыртқы
ресурстар және эмитенттік ресурстар болып бөлінеді. Ішкі қаржылар-
ға акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ бөлінбеген пайда
жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігін сырттан тартылған
салымдар немесе депозиттер құрайды.
Банк жүйесі – бұл қандай да бір елде белгілі бір тарихи кезеңдерде
орын алатын бір-бірімен өзара байланысқан әртүрлі банк түрлерінің
жиынтығы.
Нарықтық экономикасы дамыған әлемнің барлық елдерінде,
сондай-ақ Қазақстанда Орталық банк және коммерциялық банктер
түріндегі екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан.
Орталық банк. Орталық банк екі жақты жағдайымен сипатта-
лады. Бірінші жағынан, оның қызметі мемлекетпен реттеледі, ал
екінші жағынан, ақша-несие саясатын жүргізуде дербестілікке және
тәуелсіздікке ие болады. Орталық банктің негізгі қызметтеріне
- банкноталарды эмиссиялауы (басып шығаруы) және оған деген
монополиялық құқығы, тұрақты өтімділікті қамтамасыз етуі;
- коммерциялық банктердің минималды резервтерін шоғыр-
ландыруы, оларға несиелік қолдау көрсетуі, коммерциялық банктердің
қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- экономиканы ақша-несие саясатының әдістері арқылы реттеу;
- үкіметтің бос ақша ресурстарын депозиттер түрінде сақтау,
үкіметті несиелеуде және төлемдер жүргізуде делдалдық қызмет
атқару жатады.
ХVII ғасырда құрылған Англияның банкісін ең алғашқы пайда
болған орталық банк деп санайды. Осы банктің құрылу тәжірибесін
287
дамыған елдердің барлық орталық банктері алып отыр, бірақ әрбір
елде орталық банктің өзіндік ұлттық ерекшеліктері де бар.