292
Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне
байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін
болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей
топтағы азаматтар өмір сүреді.
Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың
берген анықтамасы бойынша,
кедейшілік
– бұл өмір сүрудің
ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі.
Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары
мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы
жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін
өмір сүру
минимумы
көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы
көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан
қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3-
ін азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен
бірнеше көрсеткіштер: минималды жалақы, минималды зейнетақы,
шәкіртақылар, бірқатар жардемақылар байланысты. Өмір сүрудің
осындай шегі кедейшілік-тің негізгі сипатты белгісін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: