313
Бұл жүйе тек алтын бар болғанда ғана жұмыс істейді. Егер қандай да
бір ел алтынды өндірмесе немесе оны сыртқа жіберіп алса, онда сол
ел алтын стандарт жүйесіне қатысудан шет қалады.
Сонымен, алтын стандарт жүйесі бір жағынан, ақша айналысының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді және инфляциялық құбылысты
болдырмайды, ал екінші жағынан, экономиканы әлемдік нарыққа
тәуелді етеді, ішкі экономикалық саясатта таңдау еркіндігін шектейді.
Бұл жүйенің жағымды жақтарын қалдырып, теріс жақтарын жою
үшін алтын девиздік жүйе немесе бреттон-вудтық валюта жүйесі
пайда болды.
2. Бреттон-вудтық валюта жүйесі (1944-1971 ж.). Алтын девиздік
деген атаудың қалыптасуы қағаз ақшалар-девиздердің әлемдік
валюталар қызметін атқара бастауынан орын алды. Бұл жүйе кезінде
ішкі экономикалық саясат әлі де болса төлем балансының жағдайына
тәуелді болды. Алтын жүйенің негізі ретінде жұмыс істей берді. Бірақ
алтындық мазмұны бар бір ғана валютаның рөлін АҚШ-тың доллары
атқарды. Ал қалған валюталар долларға, содан соң доллар арқылы
алтынға теңестіріліп отырды. АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі
(ФРЖ) басқа елдердің орталық банктерімен келісім жүргізуде 1 троя
унциясына
4
35 доллар болып бекітілген баға бойынша алтынды сатып
алуды және сатуды жүзеге асырды.
Валюталық бағамдар тіркелген болды. Валюталық қатынастар
Халықаралық валюталық қормен (ХВҚ)
5
бақыланып отырды.
ХВҚ-ның міндеттеріне: валюта бағамдарын тұрақтандыру үшін
несиелер беру, қаржы жүйесін сауықтыру бойынша ұсыныстар жасау,
валюталық паритеттерді бақылау кірді. Алтын девиздік жүйенің пайда
болуы мемлекеттердің ішкі экономикалық саясатының тәуелсіздігін
күшейте түсті.
Алтынды, ХВҚ-ның несиелерін пайдалану арқылы валюта
баға мын ұстап тұруға болды. Бірақ ең бастысы, төлем балансының
жағдайын ұлттық валюта бағамын өзгерту есебінен ғана жақсартуға
болады. Алтын стандарт бұл құралды қолданбады. Ал алтын
девиздік жүйе ұлттық мемлекетке валюта бағамын 10%-дық паритет
аралығында өзгертуге мүмкіндік берді.
4
Достарыңызбен бөлісу: