Ұсыныс заңы – тауардың бағасы мен оның сатылу көлемі
арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.
Ұсыныс қисығы – сатушының белгілі бір уақыт аралығында
әртүрлі бағамен тауардың немесе қызметтің қанша көлемін сата
алатындығын көрсететін қисық сызық.
Ұсыныс инфляциясы – жалақының көтерілуі мен шикізат
бағаларының өсуі салдарынан өндірістің нақты көлемі мен
жұмысбастылықтың қысқаруына байланысты жиынтық ұсыныстың
төмендеуі нәтижесінде туындайтын инфляция.
Ұсыныс көлемі – сатушының белгілі бір уақыт мезетінде белгілі
бір бағамен сатуға ұсынатын тауарларының немесе қызметтерінің
жалпы шамасы.
Ұсыныс экономикасы теориясы – инфляция мен жұмыссыздық
мәселесін шешуде «шығындар» және «жиынтық ұсыныс» ұғым-
дарына көбірек көңіл бөлетін қазіргі макроэкономикалық теорияның
бір бөлімі.
Ұсыныстың бағалық икемділігі – тауар ұсынысының пайыздық
өзгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар
бағасының өзгеруіне ұсыныс көлемінің өзгеру реакциясы.
Үй шаруашылығы – экономиканы қажетті ресурстармен
жабдықтайтын және сол үшін ақша алып өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтерді сатып алатын
бір немесе одан да көп тұлғалардан тұратын экономикалық бірлік.
Үкіметтің трансферттік төлемдері – үкіметтің біржақты
жұмсайтын ақшалай көмек шығындары.
«Үлкен сегіздік» – экономикалық мәселелерді шешу және
экономикалық саясатты үйлестіруге талпыныстар жасау үшін
басшылары үнемі бас қосып отыратын өнеркәсібі дамыған елдер
(АҚШ, Жапония, Алмания, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада
және Ресей) тобы.
Ішкі қарыз – мемлекеттің өз елі ішіндегі азаматтарына,
фирмаларына және мекемелеріне деген борышы.
Филлипс қисығы – жұмыссыздық деңгейі мен бағалар деңгейінің
өсуінің жылдық қарқыны (инфляция) арасындағы байланысты
сипаттайтын қисық сызық.