Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет4/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Экономикалық теория
– байлық туралы ғылым. 
Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны 
барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы 
тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде 


7
адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық 
уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. 
Экономикалық теорияның пәні нені және қандай құбылыстарды 
зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық 
құбылыстарды қалай зерттейтіндігін түсіндіреді. Кез келген басқа 
ғылымдар сияқты экономикалық теория қоршаған ортаны танып 
білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады.
Экономикалық теория әдістерінің алғашқы ғылыми әзірлемелері 
ежелгі грек ғалымы Аристотельдің еңбектері арқылы танылды. 
Ол экономикалық ғылымды танып білудің негізгі қағидаларын 
қалыптастырды. Аристотельмен жасалған анализ, синтез, индукция, 
дедукция, аналогия және басқа да таным әдістері бүгінгі күнге 
дейін экономикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауда кеңінен 
қолданылып келеді. Әрине, бұл жерде экономикалық теория пәнінің 
дамуы мен әрі қарай күрделенуі барысында оны танып білудің әдіс-
тәсілдері үнемі жетілдіріліп отырады. Экономикалық ғылымның 
әдісі деп кең мағынада, біз экономикалық үдерістердің нақты 
ақиқаттылығына жету жолдарының және экономикалық құбылыс-
тарды зерттеу құралдарының, айла-амалдарының жиынтығын 
айтамыз.
Экономикалық теория адами, қоғамдық ғылым ретінде қоршаған 
ортаны және өмір тіршілігін танып білудің көптеген әдістерін 
қолданады.
Экономикалық теорияның жалпы әдістері:
1. Ғылыми абстракция
– бұл зерттеліп отырған құбылыстардың 
ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу. Экономикалық 
теорияның бұл әдісі заңдылықтарды құруда экономикалық құбылыс-
тарды жеңілдетіп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет