62
6. Тест тапсырмалары:
1. Нарықтық экономиканың негізгі белгісі:
А) Мемлекеттік меншіктің басымдылығы В) Орталықтан
жоспарлау
С) Жеке экономикалық мүдде D) Экономикалық қызметтің қатаң
жоспарлануы Е) Мемлекеттік жоспарды орындау қажеттілігі
2. Қазақстанда екінші жекешелендіру кезеңі қай жылдары өтті?
А) 1990-1991 жж. В) 1991-1992 жж. С) 1993-1995 жж.
D) 1996-1998 жж. Е) 2000-2001 жж.
3. Меншіктің экономикалық мәнін беретін анықтаманы
таңдаңыз:
А) Қайтарымсыз табиғи ресурсты иемдену
В) Биліктік мүмкіншілікті жүзеге асыру
С) Адамның тауарды жеке мақсатқа пайдалануы
D) Жинақталған интеллектуалдық әлеуетті пайдалану
Е) Қарама-қарсы экономикалық көзқарастағы субъектілердің
өндіріс жағдайына байланысты қатынасы
4. Барлық экономикалық жүйелердің шешетін мәселесі:
А) Инвестиция жетіспеуі В) Өндіріс пен тұтыну сәйкессіздігі
С) Баға тұрақсыздығы D) Ресурстардың шектеулілігі Е) Еңбек
өнімділігінің өсуі
Достарыңызбен бөлісу: