21
Жоғарыда сөз болған поэмалардан көргеніміздей ақын
тек қана қазақ халқының емес, сонымен бірге үндіс хал
-
қының да бостандық пен азаттық жолындағы күресін өз
поэмаларына арқау етті. Сондықтан да бір ұлттың ғана
емес, жалпы адамзатқа ортақ мәселені көтерген ақын қа
-
ламынан туған бұл поэмалар тек қазақ халқына емес, ба
-
раша адамзат баласына қызмет етері даусыз.
Азаттық, бостандық идеясын жыр еткен тарихи шы
-
ғарманың бірі – Ә.Қайранның «Кенесары» атты тарихи
дастаны. Ақын өзіне дейін жазылған хан Кене туралы
көркем шығармаларды негізге ала отырып, бұған дейін
айтылмаған, жазылмаған кейбір тарихи деректерге жан
бітірген.
Достарыңызбен бөлісу: