|
Байланысты: 2 5285234098434998812Бұқарбай Б.
Күміс кітап /
Б. Бұқарбай. – 2-бас., толықт. – Алматы:
AmalBooks, 2018. – 184 бет.
ISBN 978-601-06-4875-3
Google әлемдегі барлық кітапты санап шығып, олардың жал-
пы саны 129 864 880 екенін анықтапты. Дүниежүзіндегі ең үлкен
АҚШ Конгресінің кітапханасының қорында 33 миллионнан
астам басылым бар екен. Жүз жыл өмір сүретін адам жылына жүз
кітап оқығанның өзінде ғұмырында әрі кетсе он мың кітаптан
асыра алмайды. Осыдан-ақ өмірдің қысқа екенін және білімнің
түбіне жетудің мүмкін еместігін байқаймыз. Кітап оқудан бас
тартпай, оны сүйікті әдеттеріміздің біріне айналдырғанымыз,
қай жағынан алып қарасақ та, тиімді екені сөзсіз. Шетел-
де жүргізілген зерттеулердің бірінде үшінші сыныпқа дейін
оқуға қызығушылығы оянған баланың болашақта түрмеге
түсу, нашақорлыққа шалдығу немесе оқуын аяқтай алмай
қалу ықтималдығы күрт төмендейтіні анықталыпты. Кітап
оқитын ересектер екі жарым есе жиі ерікті жұмысқа араласып,
қайырымдылық шараларына атсалысады екен.
2016 жылғы зерттеу бойынша, еліміздегі жастардың сек-
сен пайызға жуығы кітапты не өте сирек оқиды, не оның бетін
мүлдем ашпайды екен. Бұл көрсеткіш бізді алаңдатуы ке-
рек. Еліміз ертең «ақылды» экономика құрып, әлемнің басқа
мемлекеттерімен терезесі тең болсын десек, онда кітап оқитын
ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Қолыңызда ұстап тұрған кітаптың
негізгі мақсаты – жастарды кітап оқуға шақыру.
Кітап осы мәселеге қызығушылық танытқан барша
оқырман қауымға арналады.
Барлық құқықтары қорғалған. Осы кітаптың
ешқандай бөлігін авторлық құқықтың иесінің
жазбаша рұқсатынсыз қандай болса да түрде,
қандай да болса құралдар арқылы көшіріп қайта
қалпына келтіруге, соның ішінде, Интернет
желісі мен корпоративті желілерде жариялау-
ға, сонымен қатар ЭЕМ жадына жеке немесе
бұқаралық қолданыс үшін көшіруге қатаң
тыйым салынады.
ISBN 978-601-06-4875-3
ӘОЖ 002
ББК 76.1
© Бұқарбай Б., 2016
© Бұқарбай Б., 2018,
түзетіліп толықтырылған
© Безендіру. Бұқарбай Б., 2018
Б 88
Кітап жазып, газет-журналға мақала шығарып,
Алашқа қызмет қылмасақ, басқа жол бөгеулі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|