1.3. Келуші – онда тіркелу немесе тапсырысты орналастыру мақсатынсыз, Сайтқа/ Платформаға
кірген тұлға;
1.4. Білім алушы – Орындаушының ақпараттық қызметтерін тікелей алатын жеке тұлға.
1.5. Тапсырыс беруші – Орындаушының Шартына қол қойған тұлға, яғни білім алушы немесе
білім алушының заңды өкілі, ата-анасы;
1.6. Тапсырыс – Тапсырыс берушінің Шарттың талаптарына сəйкес ауызша/ жазбаша немесе
мессенджер арқылы ресімделген Қызметтерді көрсетуге арналған тапсырмасы;
1.7. Тараптар –Шарттың Тараптары бірлесіп Орындаушы, сондай-ақ Тапсырыс беруші мен Білім
алушы (егер ол Тапсырыс беруші болмаса);
1.8. Дербес деректер – Шартпен регламенттелген, белгілі бір жеке тұлғаға қатысты, электрондық,
қағаз жəне (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мəліметтер;
1.9. Дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-əрекеттер;
1.10. Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға,
пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға жəне жоюға бағытталған іс-əрекеттер;
1.11. Үшінші тұлғалар – қазіргі уақытта да, болашақта да Орындаушымен Тапсырыс берушінің
дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау жөніндегі мəн-жайлар немесе құқықтық қатынастар
бойынша байланысты тұлғалар.
1.12. Куратор – Білім алушыларға курстарда оқуға көмектесетін маман. Үй тапсырмасын
қадағалайды, сұрақтарға жауап береді, ұйымдастыру мəселелерін шешеді жəне оқу процесінде
қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ Тапсырыс берушінің/ білім алушылардың сабақтарға деген
мотивациясының төмендегенін көтермелейді, оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі (телефон
қоңырауларын соғады, сабақтарға рұқсат береді, чаттар жасайды), Тапсырыс берушілерден/ білім
алушылардан кері байланыс жинайды. Куратор қызметтерін Орындаушы бонустық қызметтер
түрінде ұсынады, олар Орындаушының қызметтеріне кірмейді.