береді, өз жұмысын өзгелердің орындауларына мәжбүрлейді. Өзге түрлері: паразит,
қыңқылдауық, мәңгі бала, ипохондрик, біреудің асырауындағы жан, қорғансыз.
5.
Бұзақы. Өзінің агрессивтілігін, зұлымдығын, ізгіліксіздігін асыра сілтейді. Әр түрдегі
қауіп көрсетудің көмегімен басқарады. Өзге түрлері: балағаттаушы, жек көруші, гангстер, қауіп
төндіруші.
6.
Сүйкімді жігіт. Өзінің қамқорлығын, махаббатын, көңіл бөлушілігін асыра сілтейді. Ол
мейірімділігімен көзге түседі. Кей мағынада онымен жолығу бұзақымен жолыққаннан да
қиындау. Сіз сүйкімді жігітпен күресуде жеңе алмайсыз. Қызық жайт, кез келген бұзақы мен
сүйкімді жігіт арасындағы конфликтіде бұзақы жеңіліс табады. Өзге түрлері: жағымпаз, ізгі істі,
моралист, ұйымшыл адам.
7.
Сот. Өзінің сыншылдығын асыра сілтейді. Ол ешкімге сенбейді, күнәға, наразылыққа
толы, кешіруі қиын. Өзге түрлері: барінбілгіш, күнәмшіл, айғақ жинаушы, масқаралайтын,
бағашыл, кекшіл, күнәсін мойындауға мәжбүрлегіш.
8.
Қорғаушы. Сотқа қарама-қарсы адам. Ол өзінің қолдау көрсете алуы мен қателіктерге
жұмсақтығын асыра сілтейді. Ол өзінің шамадан тыс аяушылдығы мен өзі қорғаушы адамның өз
аяғына тұрып, өз бетінше өсуіне мүмкіндік бермеуі арқылы басқаларды бұзады. Өз ісімен
айналысқанның орнына басқалардың қажеттілігі жайлы көбірек ойлайды. Өзге түрлері: балапан
басқан тауық, жұбатушы, қамқоршы, азап шегуші, көмекші, жанкешті.
Манипуляцияның түрлерін талқылап болған соң, енді олардың қалай әсер ететіндігін
қарастырайық. Э.Шостром манипуляторлы жүйенің төрт типін бөліп көрсетті:
1.
Белсенді манипулятор басқаларды белсенді әдістер көмегімен басқаруға тырысады. Ол
ешқашан да өзінің әлсіздігін көрсетпейді, керсінше өте күшті, жігерлі адамның ролін ойнайды.
Ережеге сай, бұл адам өзінің әлеуметтік статусын немесе дәрежесін қолданады: ата-ана, аға
сержант, мұғалім, босс.
2.
Пассивті манипулятор – белсендіге қарама-қарсы. Ол қорғансыз, аңқау күй танытады. Ол
кезде белсенді манипулятор жеңіс табады. Бірақ пассивті манипулятор өз есебінен белсенді
манипуляторға ойлап және жұмыс жасауға мүмкіндік бергендіктен олда жеңіске жетеді, себебі
белсенді манипулятордың жұмысы тікелей пассивті манипулятордың көмегімен жүзеге асады.
3.
Жарысушы манипулятор өмірді тоқтаусыз турнир ретінде , онда үнемі «жеңіс» пен
«жеңіліс» тізбегі таусылмайды деп қабылдайды. Ол үшін өмір – бітпес күрес, ал адамдар –
бір біріне шынай немесе потенциалды қарсыластар тіпті жаулар.
4.
Селқос манипулятор. Ол немқұрайлылық пен салғырттықта ойнайды. Кетіп қалуға,
конфликтен алшақтауға ұмтылады. Оның девизі «маған бәрібір». Оның әдістері бірде пассивті,
бірде белсенді.
Э.Берннің ойынша, манипуляцияның көптеген түрлері ойынға туыстас. Ойын –
психологиялық маневр, мақсаты басқа адамның тарапынан қанағаттану сезімін алу.
Психологтардың ойынша мұндай ойындар еңбек ұжымына сипатты.
Адам қандай белгілер арқылы онымен манипуляциялап тұрғанын біле алады?
Манипуляция жасырын сипатқа ие болғандықтан әрқашан қандай да бір нақты оқиғада
оның бар екенін анықтайтын фактыны табу оңай емес. Дегенмен, Е.Л.Доценко оппонент әрекетін
зерттей отырып оның қайсысы манипулятивті екенін анықтауға болады деген. Бұнда ол бірнеше
тәсілдерді бөліп көрсетті:
Достарыңызбен бөлісу: