42
Екі дауыстының арасында үш ортақ белгі болуы мүмкін емес,
өйткені онда олар бір дыбыс болып кетеді.
Қазақ тілі дыбыстарының таралым кестесінен (4.3-сызба), бір
жағынан, кез келген дауыстының белгілерін ретімен тізіп шығуға
болады (мысалы, А дауысты дыбысының белгілерін төменнен жоғары
қарай тізіп кете береміз: езулік > ашық > тіл арты > жалаң > дауысты
> дыбыс), екінші жағынан, дауыстылардың қай жерден барып ортақ
белгіге түйісетінін көреміз (мысалы, А және Ы дауысты дыбыстары
тіл арты
белгісіне барғанда өзара түйіседі.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарын акустика-артикуляциялық
ерекшеліктеріне қарай бес топқа бөліп жіктеуге болады. Атап айтқанда:
Достарыңызбен бөлісу: