Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


ы, и дауыстыларының естілімі мен қазақ тілінің  ый, ій



Pdf көрінісі
бет37/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   225
ы, и
дауыстыларының естілімі мен қазақ тілінің 
ый, ій
дыбыс тіркестерінің 
естілімі өзара ұқсас болуы да өз әсерін тигізді. Кезінде қазақтың төл 
сөздерінің құрамында 
и
таңбасын жазу туралы тоталитарлық ереже қа-
былдауға да, сөз жоқ, осы жай себеп болған болу керек).
Олардың құрамды бөліктерінің жігін ажыратудың бірнеше тәсілі 
бар. 
Солардың бірі – морфемалық талдау: егер өзге морфемалық жігі 
анық тіркестермен ұқсас келсе, яғни арасынан морфема жігі өтетін 
болса, онда олар дербес-дербес дыбыстардың тіркесі болып саналады. 
Ендеше, бірінші, морфемалық жігі анық тіркестермен салыстырып 
шығу керек. Төмендегі түбір морфемалар дыбыс құрамының әртүр-
лілігіне қарамай, бірыңғай тілдік бірліктер болып табылады (көпшілік-
ке түсінікті болу үшін тіркес транскрипциялары да кирилше беріліп 
отыр):
ай [ай], әй [әй], ей [ей], ой [ой], өй [өй], ұй [ұй], үй [үй], и [ый], и [ій]
Алғашқы жеті сөздің (тіркестің) дыбыс құрамына ешкім күмән-
данбайды, ал соңғы 
и
арқылы жазылып отырған сөзге (тіркеске) кел-
генде күмән басталады. Шындығында, барлығы да әртүрлі дауысты 
дыбыстар мен үнді, жуысыңқы, тіл ортасы (тілшік) 
й
дауыссызының 
тіркесі болып келеді. Егер 
ай
немесе 
үй 
тіркестерінің дыбыс құрамы 
күмән туғызбайтын болса, онда солармен теңдес 
ый, ій 
тіркестерінің 
де дыбыс құрамы күмән туғызбау керек.
Тіптен, басқаны былай қойғанда, 
и
таңбасы бір дауысты дыбыс бол-
са, онда 
ми
деген сөдің құрамында неге жуан айтылып, 
ти
деген сөздің 
құрамында неге жіңішке айтылып, екі түрлі дыбысталады деп ойлану ке-
рек. Өйткені 
и
таңбасы бірде құрамында жуан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет