Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


-  жуан езулік әуез  дәйекшесіз беріледі, яғни дәйекшенің жоқтығы  жуан езулік әуезді көрсетеді; -



Pdf көрінісі
бет71/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   225

жуан езулік әуез 
дәйекшесіз
беріледі, яғни дәйекшенің жоқтығы 
жуан езулік әуезді көрсетеді;

жіңішке езулік әуез 
сызықша дәйекшемен
беріледі, яғни 
сызықша дәйекше жіңішке езулік әуезді көрсетеді;

жуан еріндік әуез 
шеңбер дәйекшемен
беріледі, яғни дөңгелек 
дәйекше жуан еріндік әуезді көрсетеді;

жіңішке еріндік әуез 
сызықша дәйекше
+
шеңбер дәйекшемен
(қосақталып) беріледі, яғни қосақталған сызықша және шеңбер 
дәйекше жіңішке еріндік әуезді көрсетеді.
Дәйекше белгілер
- [] – жуан езулік әуез нөлдік белгі (белгіленбейді);
- [’] – жіңішке езулік әуез;
- [°] – жуан еріндік әуез;
- [’°] – жіңішке еріндік әуез.
Үндесім дауыстылар
Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы төрт әуезден құралады, олар: 
жуан әуез, жіңішке әуез, езулік әуез және еріндік әуез.
Жуан әуезді дауыстылар: 
А, Ы, Ұ, О
Жіңішке әуезді дауыстылар: 
Ә, І, Ү, Ө, Е
Езулік әуезді дауыстылар: 
А, Ә, Ы, І, Е
Еріндік әуезді дауыстылар: 
Ұ, Ү, О, Ө
Алайда қазақ сөзінің құрамында үндесім әуездер таза күйінде 
кездеспейді. Тілдің ілгерінді/кейінді көлденең қалпы мен еріннің езулік/


113
еріндік қалпы өзара араласып келіп, күрделі әуез түрінде кездеседі: жуан 
езулік әуез, жіңішке езулік әуез, жуан еріндік әуез, жіңішке еріндік әуез. 
Соның нәтижесінде дауыстылар әрі қарай іштей тағы жіктеледі.
Үндесімге байланысты тілдің жоғары/төмен (ашық/қысаң) қалпы 
ескерілмейді.
А, Ы –
жуан, езулік үндесім дауыстылар (5.1-сурет).
Тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады, ерін бейтарап қалады, 
яғни дөңгеленбейді.
6.4-
сурет. А және Ы дауысты дыбыстарының жуан, езулік үндесім моделі
5.1-сурет. А және Ы дауысты дыбыстарының жуан, езулік үндесім моделі
Ә, І, Е 
– жіңішке, езулік үндесім дауыстылар (5.2-сурет).
Тіл ауыз қуысында ілгері жылжып жатады, ерін бейтарап қалады, 
яғни дөңгеленбейді.
6.5-
сурет. Ә және І дауысты дыбыстарының жіңішке, езулік үндесім 
моделі
5.2-сурет. Ә және І дауысты дыбыстарының жіңішке, езулік үндесім моделі
Ұ, О 
– жуан, еріндік үндесім дауыстылар (5.3-сурет).
Тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады, ерін дөңгеленіп тұрады.


114
6.6-
сурет. Ұ және О дауысты дыбыстарының жуан, еріндік үндесім 
моделі
5.3-сурет. Ұ және О дауысты дыбыстарының жуан, еріндік үндесім моделі
Ү, Ө – 
жіңішке, еріндік үндесім дауыстылар (5.4-сурет).
Тіл ауыз қуысында ілгері жылжып жатады, ерін дөңгеленіп тұрады
6.8-
сурет. Ү және Ө
дауысты дыбыстарының жіңішке, еріндік үндесім 
моделі
5.4-сурет. Ү және Ө дауысты дыбыстарының жіңішке, еріндік үндесім моделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет