Қазақ тілінің сегментті жəне суперсегментті бірліктер мен
үндесімнің фонетикалық табиғатын жəне фонологияның өзекті мəселелерін
ашу.
Курс міндеті : дауысты-дауыссыз дыбыстардың үндесім сипатын ажырата
білу, үндесімдыбыс, үндесбуын,үндессөздерді тембрлеріне қарай топтай,
жүйелей білуі;
-дыбыстардың
акустико-артикуляциялық
ерекшеліктеріне
қарай
талдай,салыстыра талдай білу; -қазақ сөздерін буынға бөлгенде орфоэпиялық
норманы басшылыққа алуды; -үндесім, оның тілдегі қызметін нақты
мысалдармен көрсетуін; -фонетикалық, фонематикалық транскрипцияны
пайдалана білу, дыбыс, ерін үндестігі, позициялық өзгеріс құбылыстарына
талдай жасай білуін; -интонация компоненттерін айыра білуін; -орфрграфия
принциптері мен орфоэпия нормаларын ажырата алуын.
Курс мазмұны: Дыбыс, фонема, əріп өздеріне тəн ерекшеліктері мен
айырмашылықтары,
зерттелуі;
Буын, тасымал, олардың негізгі белгілері жəне
зерттелуі; Просодика, акцентуация, екпін мəселелері, тіл біліміндегі орны;
Сингармонизм құбылысы,фонологиялық функциясы, тілдік дамуы;
Дыбыс
үндестігі, аккомадация құбылысы, орфография мен орфоэфияға қатысы;
Тілдегі морфофоногиялық құбылыстар, оның фонетикалық құбылыстардан
айырмашылығы;
Позициялық өзгерістер, орфография мен орфоэпияға қатысы;
Қазақ
тілінің
сингармо-орфоэпиялық
нормасы
жəне
фонетикалық
транскрипция.
Оқыту əдістемесі:
Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі
мен біліміне сəйкес оқыту əдістері мен əдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде
тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру
бағытында пайдаланылады. Дəрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ–жауап,
анкета, экспиремент, статистикалық т.б. əдістерді қолдансақ, практикалық
сабақтарда эмпирика, байқау, тесті, деңгейлік тапсырмалар, əр түрлі
графикалық шартты белгілерге негізделген соны əдістермен қатар ауызша-
жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тəсілдер жүзеге
асырылады.
Пререквизиттер: Жалпы жəне орта білім беретін мектептерде оқытылатын
қазақ тілі пəні.
Постреквизиттер: Курс соңында студент қазақ тіл білімінің негізгі саласы
фонетика туралы жалпы мағұлмат алып, дыбыстардың жалпы ерекшелігі
секілді күнделікті өмірде кездесетін мəселелер хақында толық білім алады.
5
Сауатты жазу, айту сияқты практикамызда жиі кездесетін өзекті мəселелерде
осында қарастырылады.