Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Тіл ̶ қоғамдық құбылыс, сондықтан әлеуметтік сипатқа ие



Pdf көрінісі
бет87/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

 
Тіл ̶ қоғамдық құбылыс, сондықтан әлеуметтік сипатқа ие. 
Дегенмен, тілде жергілікті сөйленістер және тілдің қолданысы мен 
дамуына әсер ететін әлеуметтік топтар бар. Осы тұжырымдардың 
тілші-ғалымдардың 
еңбектерінде 
қалай 
сипатталатындығын 
айқындаңыз. 
Ана тіліне кірме сөздердің енуі қажеттіліктен туған дүние екені белгілі. 
Сондықтан кез келген тіл, ең алдымен, сол тілге енген жаңа ұғымға сәйкес 
келетін таңбаны, яғни сөзді қабылдайды. Мазмұны мен оның дыбыстық 
бейнесі бір мезгілде, бір дереккөзден алынады. Шет тілінен енетін кірме 
сөздер қатарына, әсіресе, географиялық атаулар, кісі есімдері және сол елден 
тасымалданатын тауар атауларын жатқызуға болады. Егер бұл тауарлар 
негізінен табиғи дайын өнімдер болса, онда оның атауы да өркениетті, 
мәдениетті халықтың тілдік жүйесіне енеді. Сондай-ақ, дайын өнімдерді 
тасымалдау, сол өніммен бірге оның атауын қабылдау өндіруші халықтың 
өркениетті, мәдени-саяси өмірінің жоғары жетістіктігін танытады. Дегенмен, 
бұл пікір, бір жақты сипатқа ие. Бұл, әсіресе, техникалық, ғылыми, мәдени 
ұғымдарға байланысты, олардың өзге тілдер жүйесіне енуі, сол халықтың 


132 
мәдени-саяси және әлеуметтік-тұрмыс жағдайының жоғары, өркениетті ел 
екендігін танытады. 
Өзге тілден сөз қабылдау процесі шет тілі мен оның мәдениетін өз ана 
тілінен, өз халқының мәдениетінен жоғары бағалауда жатыр, соның негізінде, 
сөйлеу тіліндегі өзге тілді сөздер мен оралымдардың қолданылуы жоғары 
мәдениеттіліктің белгісі ретінде саналады 
(Пауль Г. Принципы истории языка. 
‒М., 1960. С. 462).
Ешбір қоғамдық құбылыс дербес, дара қалпында өмір сүре алмайды. Жазу 
‒мәдени табыс. Жазба тіл ‒жазба тілге тән сөз қолдану ерекшеліктері негізінде 
жазу дәстүрі қалыптасқан тіл 
(Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. ‒А., 
2005. -120 б.).
Тіл ‒таңбалар жүйесі, тілдің таңбалық сипатын мылқауларға арналған Морзе 
әліппесімен, әскери сигналдармен, символдық таңбалармен салыстыруға 
болады, дегенмен тілдік таңбалар осы таңбалар жүйесіндегі ең маңыздысы 
саналады 
(Соссюр Ф. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. ‒М., 
1977. С. 54). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет