145
Бірақ Бөжей мен Байсал мызғыған жоқ. Өзге отырғанның барлығы сөздің
салмағы мен түйінін өз арқаларынан сезгендей боп қозғалақтап, түйін боп
бекініп, түйіліп алған көрінді. Отырғандар осы күйді танып қалды.
Құнанбайдың бұлай беттеп алғанда қайта оралар қайырымы жоқ, оны бәрі
біледі. Не айтысып, шарпысып кету бар. Немесе іштен қоштамаған уақытта
Байсал, Бөжейдің бір тәсілі: міндет, мысалды Құнанбайдың өзінен бастатып,
артын өзіне тастап кететін әдеті бар-ды. Жан күйер жер болмағанда, олар осы
соңғы мінезді көп қолданатын. Екеуі де тіс жарып, сөйлемейтін. Бірақ
Құнанбайдың мына сөзі үндемеске де қоймайды, үндеуге де жібермейді. Дел-
сал етті. Үй іші бірталай уақыт үнсіз отырды (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: