Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Гендерлік зорлық-зомбылық туралы медиаматериалдар



Pdf көрінісі
бет120/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Гендерлік зорлық-зомбылық туралы медиаматериалдар
Нелкиннің пікірінше, медианың ықпалы қандай да бір жайтты бастан 
өткеруден де немесе сол жайт туралы білгеннен де күштірек (Nelkin, 
1990). Медиа хабарлары – халықтың ғылым мен қандай да бір күрделі 
құбылыстарды түсінуінің аса маңызды құралдарының бірі (Ungar, 2000). 
Локдаун кезінде сыртқы әлемнен оқшаулану барысында әлеуметтік медиа 
мен басқа да медиа-ресурстар сыртқы дүниемен қарым-қатынастың және 
ақпарат алудың басты құралының біріне айналды.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаңалықтарды зерттеп жүрген 
ғалымдардың айтуынша, медиа әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, 
мысалы тақырыпты белгілі бір ракурстан ғана көрсету, гейткипинг 
жасау, оқиғаның белгілі бір қырын ғана көрсету, ауқымын шектеу 
немесе жариялайтын медианың түрін таңдау сияқты тәсілдерді қолдана 
отырып, қоғамдағы пікірді шектеу/пікірге ықпал ету күшіне ие (Vreese 
& Boomgaarden, 2003). Осылайша белгілі бір тәсілмен жеткізілген 
гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбы төңірегінде пікірталас тудыра 
отырып, аудиторияға ықпал етеді (Monahan and Meyers, 1999; Perse, 1990). 
Янковицкийдің айтуынша, гендерлік зорлық-зомбылық жайындағы 
медиаматериал мемлекеттің саясатына тікелей әсер етеді және БАҚ-тың 
қандай да бір тақырып туралы жиі жазуының сол мәселе жөніндегі саяси 
стратегияға тікелей байланысы болады (Yanovitzky 2002). Дегенмен онысы 
саясаткерлерге ғана емес, қоғамдағы пікірге де ықпал етеді (Palazzolo, Kelly 
& Anthony 2011). Еуропада бұл мәселеге назар аударылғанына бірталай 
жыл болды. 2010 жылы жүргізілген сауалнама еуропалықтардың 98% 
отбасындағы зорлық-зомбылықты үлкен әлеуметтік мәселе санайтынын 
және БАҚ-тың, үкіметтің немесе осы мәселеге қатысы бар өзге де мүдделі 
тұлғалардың қоғам назарын осы мәселеге аударудағы рөлі маңызды 
екенін айтқан («Special Eurobarometer 344: Domestic Violence against 
Women - European Union Open Data Portal», 2020).
Ғалымдар гендерлік зорлық-зомбылыққа қатысты фреймингтің 
эпизодтық және тақырыптық түрлері болатынын айтып отыр (Carlyle et 
al., 2014). Журналистердің қандай да бір тұрмыстық зорлық-зомбылық 
оқиғасын сипаттаған кезде «Не болды?» деген сұраққа мән беруі эпизодтық 
фрейминг болып саналады. Әдетте гендерлік зорлық-зомбылық 
оқиғалары жеке қылмыс ретінде бір-бірінен бөлек қарастырылады. Ал 
тақырыптық фрейминг оқиғаның «неліктен» және «қалай» болғанына 
мән береді. Фреймингтің бұл түрі оқырманның стереотипті байқауына 
көмектеседі (Meyer & Post, 2013).
Жаңалық порталдарының көбі гендерлік зорлық-зомбылықтан 
стереотипті көрсететін эпизод фреймингін қолданады. Осы кезде 
жаңалық жантүршігерлік болып, аудиторияға көбірек ұнайды (Sotirovic, 
2003). Ендігі бір ғалымның пікірінше, эпизод фреймингі жеке тұлғаларға 
ғана әсер етеді. Ал тақырып фреймингі баяндау аясын кеңейтіп, үкіметтің, 
белсенділердің, мемлекеттік емес ұйымдардың т.б. көзқарасын да қамти 
түседі (Lawrence, 2004).


277
Қазақстандағы, әсіресе COVID-19 пандемиясы кезіндегі гендерлік зорлық-
зомбылық туралы медиаматериалдарға жасалған зерттеу әдебиеті тапшы. 
Алайда бірен-саран ресейлік зерттеушілер Ресейде тұрмыстық зорлық-
зомбылық күн сайын болып жататынын, медиа гендерлік зорлық-
зомбылықты әлеуметтік проблема ретінде көрсетпейтінін айтып жүр. 
Гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбын анық түсіндіру оңай емес, себебі 
ол Ресейде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған (Ясавеев, 2020). 
Зерттеу жобаларының бірінің мәліметіне сәйкес, тұрмыстағы зорлық-
зомбылық туралы ай сайын 2-3 материал басылады, бірақ сол материалдар 
бір-бірімен байланысты емес, эпизод фреймингі сипатында болып отыр 
(Баязитова, 2020).
Бұл материалдардың тағы бір қыры – жаңалық ретіндегі жарамдылығын 
көрсететін аудиториясы, оқырманға қызық болуы/оқылымы немесе пікір 
жазылуы сияқты элементерден тұратын сипаты. Бұл материалдардың 
ұтымды ұраны мен айрықша визуал элементтері бар, медиа да бұл 
материалды «жаңалыққа жарайды» деген фактор бойынша ғана таңдап 
алады (Lee & Wong, 2019). БАҚ медианың гендерлік зорлық-зомбылықты 
жариялаудағы осы кемшіліктерін ескере отырып, материалды қоғамда 
тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы пікірді нашарлатып жібермейтін, 
керісінше, осы әлеуметтік мәселенің алдын алатын тәсілді қолдануға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет