Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет60/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қорытынды
Бұл зерттеу жұмысы, жоғарыдағы сараптамаға сүйене отырып, гипотезаны 
растайды. Қазақстанда COVID-19 пандемиясының екінші толқынының 
(маусымның ортасынан тамыздың ортасына дейін) күшін бұрмалап 
көрсетіп, халықаралық медиакеңістікте Қазақстан туралы позитив 
түсінік қалыптастыруға әрекет жасап отыр деген мәлімдемені растайтын 
ағылшынтілді мәлімет көп.
Олар елде әлеуметтік-экономикалық және эпидемиологиялық 
дағдарыс қатар өршіп тұрғанына қарамастан осындай қадамға барды. 
Осы орайда медиаұйымдар әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, екі негізгі 
баянды таратуға фокус жасады.
Біріншіден, дағдарыс күшін азайтып көрсетумен қатар, елдегі 
ахуал туралы позитив материалды көбірек беру арқылы қазақстандық 
БАҚ «мықты және тұрақты үкімет» баянын (яғни бәрін қадағалауда 
ұстайтын үкіметті) насихаттады. Ел ішінде БАҚ үкіметтің пандемиядан 
оңалу/пандемияның салдарын азайтуға бағытталған шараларына көп 
көңіл бөлді, олар әлгі шаралардың әсері мен тиімділігін сараламады. 
Оған қоса, қазақстандық БАҚ саяси тұрғыдан кілтипанды белгілі бір 
тақырыптар (мысалы, оппозиция белсенділерін қамау және соттау; 
қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі жемқорлық дау-дамайы) туралы 
шімірікпестен жалған ақпарат бергеннен гөрі, оны мүлдем елеусіз 
қалдыруға көшкен. Проблема әйгілі болып (мысалы, статистиканы 
бұрмалау), оны елеусіз қалдыру мүмкін болмаған кездері қазақстандық 
БАҚ ондай проблеманың барын айтты, бірақ оны өте қысқа көрсетіп
қайшылық деңгейін басып көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, отандық 
медиа ақпаратты бұрмалау тәсіліне көшті (мысалы, пандемия себебінен 
қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі ұшыраған дағдарыстың күштілігін 
мойындаудың орнына әлдебір «COVID-19 сияқты пневмония» оқиғалары 
туралы хабарлау).
Екіншіден, ақпаратты бұрмалау әдісімен аралас қолданылған тағы 
бір баянды «ғаламдық дағдарыс» баяны деуге болады. Қазақстандық 


153
БАҚ пандемияның негатив салдарының кей тұсын мойындаған кездері 
COVID-19 дағдарысының өзге елдерге де өте қатты әсер еткенін (бізге 
әсер еткенінен де қатты) баса айтып отырды. Сөйтіп, Жапония, Иран және 
АҚШ сияқты елдердегі адам өлімі мен ауру жұқтырғандар саны туралы 
материал көп берілді. Бұл баянды шет елдердегі COVID-19 пандемиясы 
жағдайын Қазақстандағы жағдаймен салыстырғанда негатив түрде 
көрсету нығайта түсті. Мұндай баян Қазақстан жағдайы жақсы болмаса 
да, өзге көп елдегі ахуалға ұқсас дегенді көрсету арқылы елдегі ахуалдың 
қиындығын жұмсартып көрсетуді көздейді.
Жарияланған контенттің барлық түрінің сапасына қатысты байқалған 
бір жайт – қазақстандық БАҚ жарияланымдарының өте үлкен мөлшері 
(99%) сараптама емес, сипаттау сипатында. Бұл алаңдатарлық жағдай 
болуы мүмкін. Бұл алаңдауды KazInform агенттігінің жарияланымдарының 
бір бөлігі қайта басылған өзге көздер материалы (үлестің нақты саны бұл 
зерттеу аясынан тыс) екені үдете түседі. COVID-19 шектеулеріне қатысты 
үкімет саясатын хабарлауға келгенде, қазақстандық БАҚ жақсы жұмыс 
атқарғанымен, ел ішіндегі пандемия себебі мен салдарын мүлдем талдай 
алмады. Жалпы алғанда, сарапталған үш медиаұйым материалдары 
сапасының алар асуы алда екені анық.
Әдебиетке шолу бөлімінде талданғандай, қазақстандық БАҚ-тың 
ішкі жаңалықты сыртқы әлемге бұрмалап көрсетуге мүдделі болуының 
бірнеше себебі бар болуы мүмкін. Ең ықтимал себебі – сыртқа шығатын 
месседждің куалитатив түрде позитив бағытқа бұрмалануы халықаралық 
аренада режим легитимдігі страгиясына (яғни авторитарлық 
режимдердің қоғамдық дипломатиясы) сай. Материалдарды бұлай 
берудегі медиаұйымдардың мотивациясы мен себебін әрі қарай талқылай 
беруге болғанымен, біржақты материал берудің түрлі әдістерін қолдану 
қазақстандық БАҚ-тағы үлкен проблема екенін осы сараптама анық 
көрсетті. Халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы саяси оқиғалардың 
медиада біржақты немесе бұрмаланып берілуіне үйреніп кеткенімен, 
әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты нақты хабар тарату шетелдік 
инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен өзге үкіметтер сенімін арттыруға 
аса қажет. Мәселеге жеткілікті назар аудармау, ақпаратты бұрмалау және 
шектен тыс позитив месседж жіберу сияқты бұлыңғыр әдістерді қолдану 
елдегі шынайы әлеуметтік-экономикалық ахуалды құбылтып көрсетеді 
де, қазақстандық басты медиаұйымдардың шет елдердегі азғантай 
абыройына нұқсан келтіреді.


154
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Abdrahmanov, Rahimbek. (2019). Kak nacii stanovyatsya brendami? [Как нации 
становятся брендами] / How do nations become brands? Alpina Publishing.
2. Akhrarkhodjaeva, Nozima. (2017). The Instrumentalisation of Mass Media in 
Electoral Authoritarian Regimes: Evidence from Russia’s Presidential Election 
Campaigns of 2000 and 2008 (Soviet and Post-Soviet Politics and Society), ibidem 
Press: Stuttgart, 2017; 280 pp.
3. Annamalah, Sanmugam et al. (2019). An Empirical Study on the Determinants of an 
Investor’s Decision in Unit Trust Investment. Economies 2019, (7), 80, doi:10.3390/
economies7030080.
4. Bolin, Goran, & Ståhlberg, Per. (2015). Mediating the Nation-State: Agency and the 
Media in Nation-Branding Campaigns. International Journal of Communication, 9, 
3065-3083.
5. Boulding, Kenneth. E. (1959). National images and international systems. Journal of 
Conflict Resolution, 3(2), 120–131. https://doi.org/10.1177/002200275900300204
6. Cotirlea, Denisa. A. Country Image vs. Country Brand: Differences and Similarities. 
Ecoforum, 4(1), 2014. 
7. Fauve, Adrien. (2015). Global Astana: nation branding as a legitimization 
tool for authoritarian regimes, Central Asian Survey, 34:1, 110-124, DOI: 
10.1080/02634937.2015.1016799
8. Jaffe, Eugene. D. (2006). National Image & Competitive Advantage: The Theory and 
Practice of Place Branding. Copenhagen Business School Press.
9. Jain, R., & Winner, L. H. (2013). Country reputation and performance: The role 
of public relations and news media. Place Branding and Public Diplomacy, 9(2), 
109–123.
10. Kalamova, Margarita. (2010). Cool, ideenreich und sexy: wie das Image eines Landes 
Investitionsentscheidungen beeinflusst. WZB-Mitteilungen, 130, 31-32. https://nbn-
resolving.org/urn:nbn:de:0168-ssoar-309080
11. Kaneva, Nadia. (2011), Nation Branding: Toward an Agenda for Critical Research. 
International Journal of Communication 5 (2011), 117–141.
12. Kerr, Pauline & Wiseman, Geoffrey. (2013). Diplomacy in a Globalizing World: 
Theories and Practice. New York: Oxford University Press.
13. Levi-Faur, David. (1997). Economic Nationalism: From Friedrich List to Robert Reich. 
Review of International Studies, 23(3), 359-370. Retrieved October 13, 2020, from 
http://www.jstor.org/stable/20097486
14. Li, Xiaojun, & Chen, Dingding. (2020). Public opinion, international reputation, and 
audience costs in an authoritarian regime. Conflict Management and Peace Science. 
https://doi.org/10.1177/0738894220906374
15. Manheim, Jarol B., & Albritton, Robert. (1984). Changing National Images: 
International Public Relations and Media Agenda Setting. The American Political 
Science Review, 78(3), 641-657. doi:10.2307/1961834
16. Marat, Erica. (2009). Nation Branding in Central Asia: A New Campaign to Present 
Ideas about the State and the Nation. Europe-Asia Studies (61), 7, September 2009, 
1123–1136.
17. Ministry of Information and Social Development of the Republic of Kazakhstan 
(2020), Mïnïstrliktiñ qaramağındağı uyımdardıñ tizbesi [Министрліктің 
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі], https://www.gov.kz/memleket/entities/
qogam/documents/details/42710?lang=kk. Last accessed: 17.10.2020.
18. Prat, Andrea & Strömberg, D. (2013). The Political Economy of Mass Media. In D. 
Acemoglu, M. Arellano, & E. Dekel (Eds.), Advances in Economics and Econometrics: 


155
Tenth World Congress (Econometric Society Monographs, pp. 135-187). Cambridge: 
Cambridge University Press. doi:10.1017/CBO9781139060028.004
19. Schatz, Edward. (2008). Transnational Image Making and Soft Authoritarian 
Kazakhstan. Slavic Review, 67(1), 50-62. doi:10.2307/27652766
20. Schatz, Edward. (2009). The Soft Authoritarian Tool Kit: Agenda-Setting Power in 
Kazakhstan and Kyrgyzstan. Comparative Politics, 41(2), 203-222. Retrieved October 
16, 2020, from http://www.jstor.org/stable/40599210
21. Stockmann, Daniella & Gallagher, Mary E. (2011). Remote Control: How the Media 
Sustain Authoritarian Rule in China. Comparative Political Studies, 44(4), 436–467. 
https://doi.org/10.1177/0010414010394773 
22. WHO (2020). Kazakhstan: Covid-19 INT, Country Profile. https://covid19.who.int/
region/euro/country/kz. Last accessed: 17.10.2020.
23. Worldometers (2020). Kazakhstan Coronavirus cases. https://www.worldometers.
info/coronavirus/country/kazakhstan/. Last accessed: 17.10.2020.
24. Zhang, T. et al. (2017). Agenda-Building role of state-owned media around the 
world: 2014 Hong Kong protest case. Journal of Public Relations Research, 29(5), 
238–254.
25. Database of the articles analysed (15.06.2020-14.08.2020), Google Drive. https://
drive.google.com/file/d/1vV-NtSXSegX8NLXNnSuZB08BlToV5_2J/view?usp=sharing. 
Last accessed: 18.10.2020.


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет