190
Бұл зерттеуімізде «Әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпараттарға
тосқауыл болу үшін ресми ақпарат құралдары мен жекеменшік БАҚ-тар
қандай әрекет істеді?», «Оқырмандарын конспирология теориясынан
қорғау үшін қандай тәсілдер қолданды?», «Дәстүрлі және интернет БАҚ-
тары халық арасына кең таралған жалған ақпараттарға қарсы тұрарлықтай
қандай материалдар жариялады әлде олар да әлеуметтік желіде таралып
жатқан фейктерді жандандырып, үн қосты ма?» деген сұрақтарға жауап
іздейміз.
Зерттеу мақсатына қол жеткізу үшін 5 ақпарат құралы таңдалып
алынды. Олардың екеуі – телеарна, екеуі – газет және бір ақпараттық сайт.
Бұл ақпарат құралдарын таңдаудағы критерийіміз – таралым деңгейі
мен меншіктік нысаны. Біздің зерттеу нысанына алып отырған ақпарат
құралдарының екеуін мемлекет қаржыландырады, үшеуі – жекеменшік.
Олар: «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақстан ұлттық телеарнасы»,
«31 арна», «Malim.kz».
Мақсатымыз – іріктеп алған қазақстандық басылымдар мен
телеарналардың және интернет-медианың жалған ақпаратпен қарым-
қатынасын сараптап, еліміздегі медиа сынының ілгерілеуіне үлес қосу.
Осы себептермен және журналист әрі ғылыми сала өкілі ретінде бұл
тақырыпты ғылыми-публицизм әдіс арқылы зерттеуді жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: