Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет98/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қазақстандағы әлеуметтік медиа
Әлеуметтік медиа дамып, қолданушылары ақпарат алудың бұрын-соңды 
болмаған қолайлы жолына ие болды. Datareportal мәліметінше, 2020 
жылғы қаңтарда Қазақстанда 14,73 млн интернет қолданушысы, оның 
ішінде 9,5 млн әлеуметтік медиа қолданушысы болған (Kemp, 2020). 
COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстан халқы жаңалықты дәстүрлі 
медиа, жаңа медиа және әсіресе әлеуметтік медиа арналарынан алған. 
Онлайн жаңалық пандемия жөнінде мәлімет таратуға қолайлы болса да, 
бұрыс ақпараттың, алып-қашпа әңгіменің, жалған жаңалықтың көзі де 
болған. Бұған дейінгі көптеген зерттеу жұмыстары (Alliсgtoс et al., 2020; 
Oyeyemi et al., 2014; Freemaс et al., 2020) денсаулық сақтау мінез-құлқы 
мен жалған ақпараттың «конспирация теориясы» деп аталатын арнайы 
формасына сенудің арасында негатив байланыс бар екенін анықтаған 
болатын. 
Әлеуметтік медиа қолайлы және қолжетімді болғандықтан, онда 
алуан түрлі мақсатта, манипуляция жасау үшін, жалған ақпарат тарату 
мақсатында әдейі жазып, әлеуметтік медиада таратқан даңғаза және 
сенімсіз ақпарат жиі кездеседі (Shu et al., 2017).
Пандемияның бастапқы кезеңінде вирус туралы ғылыми консенсустың 
болмауы ақпарат саласындағы үлкен кемшіліктерді көрсетті. Конспирация 
теориялары мен жалған медициналық кеңес берушілерге қолайлы 
орта қалыптасты. Осылайша коронавирус эпидемиясын еңсере алмай 
жатқан үкімет пен медицина ұйымдары жаңа майданға тап болды. Бұл 
жаңа майдан ғаламдық үкімет конспирациясы, чиптеу, 5G мұнаралары, 
метил спиртін ішу (соның кесірінен талай адам қайтыс болды), COVID-19 
вирусын диагностика жасау тәсілдері және жалған шипалық заттар (бұл 
тізімді жалғастыра беруге болады) еді. Жалған жаңалықтар толқыны 
әлеуметтік медиа қосымшаларын әртүрлі мақсатта күнделікті қолданып 
отырған Қазақстан халқын да айналып өтпеді. 
Жалған жаңалықтың тарауын тоқтатуға талпыныс
Әлемде коронавирус пандемиясы туралы жалған ақпаратты тоқтату 
мен жаңа жалған ақпараттың шығуының алдын алу бағытында үлкен 
қадамдар жасалды. Әлеуметтік медиаға қатысты айтар болсақ, Facebook, 
YouTube пен Twitter халыққа медициналық ақпараттың сенімді көзін 
көрсетуге тырысатынын, ДСҰ мен Ауруды қадағалау мен оның алдын алу 
орталықтарымен тікелей байланыста екенін мәлімдеді (Freсkel, 2020). 
Қатерлі коронавирус туралы жалған ақпараттың тарауын шектеу үшін 
күресті күшейту барысында Facebook платформасындағы жалған мәлімет 
пен конспирация теориясы контентін өшіре бастады. Шифрланған 
мессенджерлердегі мәселе бұдан қиынырақ болды. WhatsApp 
қолданушыларының жіберген хабарламасын шектей алмады, бірақ 


235
қолданушысының басқа қолданушыдан алған хабарламаны таратуына 
шектеу қойды. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы «Verified» деп аталатын жаңа бастама көтеріп, 
уеб-сайт ашты. «Жалған ақпарат онлайн, мессенджер қосымшалары 
арқылы және бір адамнан екінші адамға тарайды. Ал оны жазғандар 
сауатты жазу-тарату әдісін қолданады. Онымен күресу үшін ғалымдар 
мен Біріккен ұлттар ұйымы сияқты институттар бірігіп, халыққа сенімді 
ақпарат ұсына білуі керек», – деді бастаманы жариялаған БҰҰ бас хатшысы 
Антонио Гуттериш (Woсe, 2020). Бірақ бұл талпыныс та инфодемияны 
тоқтатуға қауқарсыз болып шықты. 
Сонымен қатар Синелли мен оның әріптестері атап өткендей (2020), 
тараған ақпарат халықтың жүріс-тұрысына қатты әсер етіп, үкіметтің 
шараларының тиімділігіне әсер етті. Сондықтан инфодемияның себебі 
неде жатқанын және оның алдын алу амалдарын білген жөн. 
Осы зерттеу жұмысымызда шолу жасалған әдебиеттердің бәріне 
сүйене отырып, COVID-19 вирусына қатысты ақпарат Қазақстандағы 
әлеуметтік медиада қалай тараған, манипуляция қалай жасалған, 
ақпарат қаншалықты өзгерген және Қазақстан халқы неліктен белгілі 
бір әлеуметтік медиаға сүйенген деген сұрақтарға жауап беруді мақсат 
тұттық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет