Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет3/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

Негізгі мақсаты:
Білім алушыларға PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындату 
барысында 
танымдық 
қызығушылығын 
арттыру, 
зияткерлік 
және 
шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен ізденіп, жаңа білімге қол 
жеткізуге үйрету; 
PISA халықаралық зерттеулерге дайындау арқылы оқушылардың логикалық 
ойлау дағдыларын жетілдіру, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру; 
 
Міндеті: 
Оқушылардың білімін тереңдету және жүйелеу; 
Тапсырмаларды орындаудың негізгі алгоритмін меңгерту; 
Білім алушылардың білімі мен қабілеттерін тексерудің дәстүрлі нысандарымен 
қатар,бағалау өлшемдеріне PISA тапсырмаларын енгізу. 
Күтілетін нәтиже: 
Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді,зерттеушілік,ізденімпаздық қасиеттері 
қалыптасады; 
Физикалық теориялық білімдерін күнделікті өмірлік жағдайларда қолдана білу 
қабілеттерін дамытады; 
 
 
 


Кіріспе 
PISA (Programme for International Student Assessment) – Экономикалық 
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымдастыратын оқушылардың 
оқу үлгерімін (қалыптасқан білімі мен дағдыларын) бағалайтын халықаралық 
салыстырмалы зерттеу. Зерттеу бойынша тестілеу 2000 жылдан бастап үш жыл 
сайын өткізіліп отырады. Бұл зерттеу орта білім алған оқушылардың сол 
білімін күнделікті өмірде қолдана алу қабілетін, яғни қоғамда толыққанды өмір 
сүруге қажетті қабілеттерін тексеруге бағытталған. Тестілеу объективті түрді 
өткізілгендіктен оның нәтижесі қатысушы елдерге олардың білім беру 
жүйелеріне қандай өзгеріс енгізу қажет екендігі туралы қорытынды шығаруға 
көмектеседі. PISA бағдарламасы оқушылардың сауаттылығын үш приоритетті 
бағыт бойынша бағалайды. Олар: оқу сауаттылығы, математикалық 
сауаттылық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы. Осы бағыттардың 
таңдалған себебі – олар оқушының одан әрі білім алуының негізін құрайды. 
PISA оқушының академиялық білімін емес функционалдық сауаттылығын, 
яғни: 

алған білімін өмірде қолдана алу 

кез-келген мәселенің мәні мен себеп-салдарын терең түсіну 

шығармашылық тапсырмаларды орындау 

ақпаратты іздеу, талдау, түсіндіру сынды дағдыларын бағалайды. 
Сонымен қатар, әр зерттеу айналымында оқушының креативті ойлау, 
жаһандық құзыреттілік, қаржылық сауаттылық немесе мәселені бірлесіп шешу 
сияқты бір инновациялық бағыт бойынша сауаттылығы тексеріледі. 
Тапсырмаларды орындауға нұсқау : 
Оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау бойынша (
Programme for 
International Student Assessment, PISA
) Халықаралық бағдарламасы – әлемдегі 
әр түрлі елдердің оқушыларының сауаттылығын және білімдерін тәжірибеде 
қолдана білулерін бағалайтын тест
. Оқушылардың жалпы оқу және зияткерлік 
біліктерін меңгерулерін бағалауға ерекше көңіл аударылады, өйткені PISA 
есептері: 

қойылған сұраққа жан-жақты жауап беру, 

жауапты еркін формада беру біліктерін, 

мәтіннің бір түрінен екінші түріне ауысу біліктерін, 

қосымша ақпарат жинау біліктерін, 

ғылыми-тәжірибелік білімдерін күнделікті өмірде кездесетін 
жағдаяттарды шешу үшін қолдана білу біліктерін 
қалыптастыруға жағдай жасайды
.
PISA халықаралық зерттеуіндеғі барлық сұрақтар мен тапсырмалар жалпы үш 
топқа бөлінеді: 



«Қалай білуге болады?» – бұл тапсырмалар тану әдістерін қолдануға 
арналған. 

«Түсіндіріп көр» – құбылыстар мен фактілерді түсіндіруге арналған. 

Пайымдау – берілген деректердің көмегімен қорытынды құрастыруға 
арналған тапсырмалар.
PISA тапсырмаларының әр тобы тұлғалық, әлеуметтік немесе жаһандық 
контексте 
қарастырылады, 
сонымен 
бірге 
оқушылардың 
ғылыми-
жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығы деңгейіне түрлі талдау 
жасауды қарастырады. 
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын анықтауға 
арналған тапсырмалар әр түрлі құрылымда болуы мүмкін. 
Тапсырмаларды орындауда келесі ұсыныстарды басшылыққа алу 
ұсынылады: 
1)
Ұсынылған тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі 
ақпаратты тауып алыңыз. 
2)
Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық 
үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз. 
3)
Қандай ықшамдалған сөйлемдер, есептің шығарылуын жеңілдететінін 
ойлап алыңыз.
4)
Схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз, ол әрқашан 
ойлануды жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған схема – есепті шығарудағы 
жетістіктің жартысы екені есіңізде болсын. 
5)
Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен 
белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған 
пайдалы.
6)
Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын 
шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге 
тырысыңыз. 
7)
Егер есепте шамалардың сандық мәндері берілсе, онда жауабы санға 
дейін жеткізілген болуы керек. 
8)
Барлық мәліметтерді бір өлшем бірлігінде өрнектеу керек. 
9)
Егер сізге есепті бірден шығару мүмкін болмаса, бүге-шегесіне дейін 
көңіл аударып, тиісті теориялық материалды тағы да зерттеп көріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет