Қорытынды
Ұстаз алдында тұрған міндет – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп тауып,
оны өсіріп шығару. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып,
біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеу керек. Ол үшін оқыту мазмұнын, білім
беру технологиясын өзгерту, яғни баланың талантына, дарынына, талап –
тілегіне қарай жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау керек.
Ұлы педагог Я.А.Коменский: «Педагог - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол
барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын
тынымсыз лаулаған жалын иесі»− деуі үнемі шығармашылық ізденісте
болып, өз білімі мен біліктілігін жетілдіруге жұмыстанушы ұстаз мәртебесін
айқындайтын ой екенін ұғынған жөн.Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең
талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу
мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне
жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне
өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін
шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Барлық мектеп мұғалімдері алдында тұрған міндет – алдағы жылы өтетін
PISA халықаралық зерттеуінде оқушыларымыздың білім сапасының жоғары
деңгейде көрінуіне ат салысу болып табылды. Міне, осы мақсатты жүзеге
асыру барысында ғылыми – жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған
біліктілік курстары мен қалалық, облыстық семинарларға қатысып, өзара
тәжірибе алмасуды жалғастырудамызҰсынылып отырған PISA тапсырмалар
жинағы-физика пәні мұғалімдері сабақтарында қолданып, оқушылардың
функционалдық жаратылыстану – ғылыми сауаттылығын дамытуда, оқу
барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда
қолдана білу жолдарын үйретуде көмекші құрал есебінде қолдануға тиімді.