43
12. Инновацияларды және цифрландырудың озық практикаларын оқу
процесіне енгізу;
7. Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу
құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің тізімі
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі
ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің,
оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020
жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы (өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен енгізілген
).
8. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін
арттыру
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және
ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар
аудару қажет.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық құндылықтар.
Сондықтан «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Рухани жаңғыру идеясы
негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен
тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани
жаңғыру»
бағдарламасын
іске
асыру
жағдайындағы
Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл білім
алушылардың
бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті
қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: