236
Ислам ғылымхалы
Мағынасы:
«Аллаһым! Бізге жәрдем беріп, жерімізді,
шартарапты ылғалдандыратын мол жауын нәсіп ет.
Аллаһым! Бізді жауынмен суландыр, бізді үміттері
үзілген адамдардан етпе.
Аллаһым! Елдерде, құлдарыңда, жан-жануарда ауыр
тауқымет бар. Оны Саған ғана шағым ете аламыз.
Аллаһым! Біз үшін егінімізді өсіріп, малымыздың
сүтін молайт, бізді көктің берекеттеріне бөлеп, жер-
жүзінің берекеттерінен бізге ырыс бер.
Аллаһым! Біз Сенен кешірім тілейміз. Шексіз Сен
аса кешірімдісің. Бізге көктен мол жауын жібер»
.
Кусуф намазы
Күннің тұтылуын – «кусуф», айдың тұтылуын –
«хусуф» деп атайды. Бір елде күн тұтылса, сол елдің
имамы азансыз, қаматсыз халықпен екі рәкат намазды
жария оқиды. Бір хадисте айтылады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) күн тұтылғанда қиямда ұзақ тұрып, екі рәкат
намаз оқып былай деді: «Бұл құбылыстар – Аллаһтың
ұлылығын паш еткен дәлелдер. Аллаһ осындай
құбылыстармен құлдарын қорқытуды қалайды. Бұндай
нәрсені көрген кезде ең соңғы парыз намазы секілді
намаз оқыңдар»
272
. Ай мен күнге байланысты Аллаһ
Тағала былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: