495
Ислам ғылымхалы
Ифтитах:
Ашу, намаздың алғашқы тәкбірі.
Ифтитах:
Намазды бастарда алынатын алғашқы
тәкбір.
Ихрам:
Қажылық немесе умра яки екеуін бірге
жасау ниетімен, басқа уақыттағы халал кейбір істерді,
қажылық немесі умра уақытында кісінің өзіне харам
қылуы.
Ихсар:
Дұшпанның бөгет болуына немесе ауру
сияқты себептерге байланысты қажылық немесе умра
жасау үшін ихрамға кірген адамның қажылықты немесе
умраны аяқтамастан ихрамнан шығуға мәжбүр болуы.
Ихтилам:
Ұйқыда ғұсылдың бұзылуы.
Иштиһад:
Белгілі ережелерді ұстанып, Құран мен
сүннеттен үкім шығару.
Кәффарат:
Қателесіп, әдейі немесе біреудің зор-
лауы арқылы жасалған кейбір күнәлардың кешірілуінің
Исламдағы арнайы өтелу жолдары.
Кифая парыз:
Жалқы парыз. Жалпы мұсылманға
парыз бола тұрса да, кейбір мұсылмандардың іске асыру
арқылы барша мұсылманның мойнынан түсетін парыз-
дар.
Кусуф:
Күннің тұтылуы.
Кіші хадас:
Дәретсіздік.
Қадум тауабы:
Сырттан келетін адамдардың Мек-
кеге келген уақытта Қағбаға сәлем ретінде жасайтын
алғашқы тауап. Бұл тауапты жасау – сүннет.
Қамат:
Парыз намазына тұрарда арнайы айтылатын
азаннан аз ғана айырмашылығы бар сөз.
Достарыңызбен бөлісу: