А. М. Касенова. Стандарттау



Pdf көрінісі
бет18/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   184
тарау. Стандарттау 23
3) 
мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдар- 
ламаларына техникалық регламенттер мен мемлекеттік стан- 
дарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, 
жүмыс істеу, таратылу тэртібін уәкілетті орган белгілейді.
1.2.4 
Стандарттау бойынша нормативтік
құжаттар және оларға қойылатын талаптар
Техникалық регламент нормативті-құқықтық құжат болып 
саналады. Мұнда мемлекеттің өнімнің, үрдістің, қызметтің адам 
өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қойылатын қауіпсіздік 
талаптары көрсетілген.
Техникалық регламент 
(ТР) - бүл орындалуға міндетті ере- 
жеден түратын қүжат. Техникалық регламент - бүл техникалық 
заң. 
Регламентте 
мемлекеттің территориясындағы 
барлық 
шаруашылықпен айналысатын субъектілер орындауга міндетті 
талаптар, шарттар беріледі. Жүмыстар келесі бағыттар бойынша 
жүргізіледі:
- өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік;
- ғимараттарды, қүрылыстарды және олардың территорияла- 
рына жататын нысандарды пайдаланудағы қауіпсіздік;
- өрт қауіпсіздігі;
- биологиялық қауіпсіздік;
- электромагнитті сыйымдылық;
- экологиялық қауіпсіздік;
- ядролық жэне радиациялық қауіпсіздік;
- химиялық қауіпсіздік;
- электрлік қауіпсіздік;
- ақпараттық қауіпсіздік;
- токсикологиялық қауіпсіздік;
- өлшемдердің бірыңғайлығы;
- азық-түліктағамдарының қауіпсіздігі;
- балалар тағамының қауіпсіздігі;
- механикалық қауіпсіздік.


24 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология пегһдері
Қазақстан 
Республикасында 
қабылданған 
Техникалық 
регламенттердің саны қазіргі кезде 90-ға жетеді және олардың 
негізгілерінің тізімі келесі:
1. Геофизика, геологиялық зерттеу, мұнай-газ жэне бұргылау 
саласындағы жабдықтардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
2. Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға 
шығарылатын автотранспорттық құрылғылардың зиянды заттары- 
на (ластаушы) арналған талаптар туралы;
3. Автомобиль жолдарын жобалаудағы қауіпсіздік талаптары;
4. Автомобиль жолдарын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптары;
5. Автотранспорттық құрылгылардың қауіпсіздігіне арналған 
талаптар;
6. Өндіріс объектілеріндегі дабылдық түстерге, ескертулерге 
жэне қауіпсіздік белгілеріне арналған талаптар;
7. Өрт болтан жағдайда адамдарды көшіруде басқаруға
автоматтандырылған өрт дабыл қаққышы және автоматты өрт 
сөндіру жүйесі ғимараттарының, қоймаларының жабдықтарына 
арналған талаптар;
8. Баптауға, таңбалауга, этикеттеуге жэне олардың дұрыс са- 
лынуына арналған талаптар;
9. Ғимараттарга, 
аумақтарга 
және 
оларға 
енетін 
территорияларға арналған талаптар;
10. Қүрылыс 
материалдарының, 
бүйымдарының 
жэне 
қүрылымдарының қауіпсіздігі;
11. Тұрмыстық-химиялық тауарлар мен синтетикалық жуғыш 
заттардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
12. Еріткіш заттар мен бояу материалдарының қауіпсіздігіне 
арналган талаптар;
13. Парфюмерлік-косметикалық 
өнімдердің 
қауіпсіздігіне 
арналған талаптар;
14. Дәндердің қауіпсіздігіне арналган талаптар;
15. Ветеринарияда қолданылатын биологиялық препарат- 
тардың жэне дэрілік қүрылгылардың қауіпсіздігіне арналған 
талаптар;
16. Улы химикаттардың қауіпсіздігіне арналган талаптар;
17. Сәйкестікті бекіту процедуралары;


18. Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
19. Сүт жэне сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
20. Крахмал жэне крахмал өнімдерінің, үнтақтық өнеркәсіп 
өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
21. Жем және жемдік қосылыстардың қауіпсіздігіне арналған 
талаптар;
22. Түрғындар қолданатын ауызсу қауіпсіздігіне арналған та­
лаптар;
23. Шырын және шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған 
талаптар;
24. Көкөністердің, жемістердің, тамырлы өнімдердің жэне 
оларды өңдеуге арналған өнімдердің қауіпсіздігіне арналған 
талаптар;
2 5 . 
Мұнай базалары мен жанармай 
қүю бекеттерінің 
қауіпсіздігіне арналған талаптар;
26. Емдік-профилактикалық, 
диеталық 
жэне 
балаларға 
арналған азық-түлік тағамдарының қауіпсіздік талаптары;
27. Белгілі бір сыйымдылыққа қүйылған ауызсу қауіпсіздігіне 
арналған талаптар;
28. Кондитерлік, нан жэне нан өнімдерінің қауіпсіздігіне 
арналған талаптар;
29. Тағамдық 
қосылыстардың, 
олардың 
өндірісі 
мен 
айналымының қауіпсіздігіне арналған талаптар;
30. Жылу электр станцияларының қазандыктарында әр түрлі жа- 
нармайды жаққандағы қоршаған орта эмиссияларының талаптары;
31. Балаларға арналған бүйымдар мен өнімдердің қауіпсіздік 
талаптары;
32. Жол 
салуға 
арналған 
қүрылыс 
материалдарының 
қауіпсіздік талаптары;
33. Объектілерді 
қорғауға 
арналған 
өрт 
сөндіру 
техникаларының қауіпсіздік талаптары;
34. Желдету жүйелерінің қауіпсіздік талаптары;
35. Газ шығындарын есептейтін қүрылғылар мен газ қүзо 
бекеттерінің қауіпсіздік талаптары;
36. Металлургиялық өндіріс үрдістерінің қауіпсіздік талаптары;
37. Метрополитендердің қауіпсіздік талаптары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет