1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет60/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Несептің түзілуі
. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы
екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы қантамырлардың қысымы жоғары 
болғандықтан сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп түзіледі. 
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий 
иондары т.б. организмге қажетті заттар қантамырына кері сүзіледі. Ал мочевина, несеп қышқылы
сульфаттар сияқты қажет емес заттар нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның 
жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан 
соң ұзындығы 30 см-дей несепағар арқылы қуыққа барады. 
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айналады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы 
несептің мөлшері 1,5 л ғана. Соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Меншікті салмағы 1,010-1,025, 
реакциясы сәл қышқылдау. Құрамының негізі – су (98-99%), қалған 1-2%-ы көптеген химиялық заттар. 
Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл. 
Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. 
Нәрестенің бүйрегінің салмағы – 11-
12 г, 1 жаста 36-37 г, 5 жаста 55-56 г. 
Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жылда, жыныстық жетілу кезінде және 20-30 жаста
жоғары болады. 
Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөлектеніп тұрады. 2 жасқа қарай тегістеле бастайды, 5 жаста 
түгел тегіс болады. Нәрестеде бүйректің қыртысты қабатының қалыңдығы – 2 мм, ал милы қабатының 
қалыңдығы 8 мм. 


Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, 1 аптадан кейін көбейеді, 6 айда 2 есе 
артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды, бірақ мочевина аз болады. Себебі нәресте тек ана 
сүтімен тамақтанады. 
Несептің мөлшері 1 жаста 700 мл, 4-5 жаста 1000 мл, 10 жаста ересектердікіндей (1300-1400 л). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет