ауруы өтсе кейін бала болмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бала дәрігері мен хирургтің кеңесі өте
қажет.
Шіріншеде асқазан безі ауруының қабат жүруі тән, оның негізгі белгілері – іштің бүріп ауруы,
жүрегі айну, құсу, тамаққа тәбеттің болмауы.
Шіріншемен ауырғанда серозды менингит (ми қабығы) ауруына да шалдықтырады. Бұл аурудың
3-6 күндері қызудың қайтадан көтеріліп, бастың ауыруы мен құсудан білінеді. Бала денесі болбырап,
манаурайды, есінен тану пайда болады. Шіріншемен ауырған балаларды әдетте үйде емдейді. Ісінген
сілекей бездеріне 3-4 сағ. құрғақ қыздыратын компрес жасайды. Ал орхит кезінде керісінше қабынған
аталық ұрық ұмасына суық суға малынған салфетка салады да, ол жылынғанда оны алмастырып
отырады. Егер орхит өте ауыр өтсе, баланы ауруханаға жатқызады.
Менингит кезінде де ауруханаға жатқызған дұрыс. Бұл кезде диагноз қою және емдеу үшін жұлын
пункциясын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: