Рибосомалар ядрошықта түзіледі деп есептеледі. Рибосомалар үлкендігі әр түрлі екі
құрылымдық суббірлікте құралған- үлкен және кіші. Рибосомалардың суббірліктері
РНҚмен белоктан тұрады. Үлкен суббірлігі эндоплазмалық торды липопротеидтік
мембранасына рибосомалардың бекуіне қатысады.
Үлкен бірліктерінің құрамында 30жуық түрлі белоктар, ал кіші бірліктерінде
20жуық белоктар болады. Ұсақ бөлшектері өздіктерінен белокты синтездей алмайды; 70S
және 80S –бөлектер ғана синтездейді.
Бактериялардан сүтқоректілерге дейінгі организмдердің бәрінің рибосомалары
үлкендігі, құрылысы және химиялық құрамы жағынан ұқсас. Клеткадағы рибосомалардың
саны мен концентрациясы РНҚ-ның мөлшері мен цитоплазманың базафилиясына
байланысты. Эргастоплазмасы (базальдық заты) бар клеткалардың бәрінде, мысалы
бауырдың клеткаларында, нерв клеткаларының Ниссель денешіктерінде, өсімдіктер мен
жануарлардың тез өсуші клеткаларында және бактерияларда, белоктарды жедел
синтездейтін клеткаларда рибосомалар көп болады. Ересек және кәрі клеткаларда
рибосомалар жоққа жуық немесе болмайды. Рибосомалар үнемі қозғалыста болады.
Рибосомалар митохондриялардың, Гольджи кешенінің мембраналарында, плазмалық
мембрана бекімейді, лизосомалардың мембраналарында да жанаспайды.
Достарыңызбен бөлісу: