157
бойынша қолданып тұр. Мұндай «тоғытып» жіберілген диа-
лектизмдер ешбір мақсатсыз қолданылғанда, әдеби норма-
дан ауытқушылық болып табылады. Бұл жерде диалектиза-
ция құбылысы емес, тілге, әдеби нормаға жауапсыздық (әлде
білместік, әлде салақтық) таныту деп бағаланады.
Диалектизм және әдеби норма мәселесінде «әдеби баламасы
бар ұғым атауларына жарыстыра жергілікті сөздерді пайдалану
жөн бе, жөнсіз бе?» деген мәселе де пікірталас тудырып келе
жатыр, соның бірі – әдеби баламасы бар, тіпті әдеби синонимдік
қатары мол кейбір сын есім, үстеу, етістіктердің диалектілік ва-
рианттарын оларға семантикалық реңк үстеп (дәлірек айтсақ,
олардың семалық ренктерін пайдаланып) әдеби тіл нормасы-
на ауыстыруға болады. Өйткені етістік, сын есім, үстеу де-
гендер – экспрессивтік бояуын қалындатып, құбылта түсуге
бейім элементтер. Біздіңше,
лақса
(әбден қартайған),
бодау
(өтесін, төлеу, қарым),
бағамдау
(пайымдау, анғару),
мәуріт
(шақ, мезгіл, кез),
оңаза
(ашқарақ),
сейдін
(сергек),
мондыбас
(жуас) деген сөздердің көбінің «тұрағы» – белгілі бір өңірлер
болар, бірақ олардың жақша ішіндегі әдеби баламаларының
барына қарамастан, оларды 60-90-жылдардағы әр автордан
кездестіреміз, ол – бұлардың әдеби тілге енгенін танытады.
Диалектизмдерді әдеби тілге енгізуде у ә ж д і л і к (мотивация),
шама - шарықтық (пропорция) және ұтымдылық принциптерін
қатты ұстау керек. Әйтпесе, ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің
көбінің экспрессиясының күштілігіне, сонылығына (көпшілік
үшін тың, жаңа сөз болып көрінетіндігіне) қарап, оларды
әдеби үлгідегі жазба дүниелерімізге тоғытып жіберсек, норма
бұзылады. Мұны ескермесек, әдеби тілді диалектілендіру қаупі
тууы әбден мүмкін. Ал тілді диалектілендіру – көпшілікке
ортақ, тұрақталған әдеби тіл нормаларына нұқсан келтіру де-
ген сөз, яғни әдеби үлгілер тілінің барлық өнір тұрғындарына
түсініктілігі, айқындығы, жүйелілігі бұзылады деген сөз.
Диалектизмдерді уәжсіз қолдану – нормадан ауытқу, сондықтан
кейбір жазушыларымызда кездесетін
Достарыңызбен бөлісу: