Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет37/126
Дата30.09.2023
өлшемі1,89 Mb.
#111893
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126
просемика 
деп ат қойылды. Төрт түрлі арақатынас 
бар: көңілдестік, жекебастық, әлеуметтік, көпшіліктік. Алдыңғы екі 
қарым-қатынас бір-біріне жақын, достық байланысты аңғартады, 
ресми байланысты адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады. 
Көпшіліктік арақатынас бөтен адаммен араласу. 
Бейнелеу де қарым- қатынас құралы болып табылады. Алайда 
бұлар тікелей байланыс жасау құралы емес, оны тарату техникаға - 
кітап басу, кино, телеведениеге байланысты. 
Жоғарыда аталған қарым-қатынастың сөзден тыс құралы сөйлеу 
қарым-қатынасын демелеп отырады.
Коммуникацияның сөйлеу және сөйлеусіз қарым-қатынас 
құралдарының бірлігіне жету – басқалармен жұмыс жүргізетін 
мұғалімнің міндеті болып табылады.
Қарым-қатынас - педагогикалық іс-әрекеттің маңызды 
кәсіби құралы. Педагогикалык карым-қатынас - бұл жағымды 
психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің 
оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-
қатынас әлеуметтік-психологиялық процесс ретінде мыналармен 
сипатталады: тұлғаны тану, ақпаратпен алмасу, іс-әрекетті 
ұйымдастыру, рольдік алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, өзін-өзі 
бекіту. Педагогтың міндеті - оқушыларға өзіндік «Менің» тануға 
жағдай жасау, өзінің тұлғалық мәнін терең сезінуі, тұлғаның 
болашағын және адекватты өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. 
Қарым-қатынас қажетті информация алмасуда, басқаруда 
көрініс беретін заттың іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін 
мәдениеттілік белгілері белсенділік, идеяшылдық, еркіндік, 
ерекшеліктің субъектісі ретінде танылады.
Екіншіден, қарым-қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік 
сапаның пайда болуы адамның мәдени қауымдастыққа жету 
мүмкіндігін ашады.
Үшіншіден, субъектінің өз құндылқтарына қатынасы көрінеді. 
Сонымен, қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені 
қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және өзіне өзара әрекет 
субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі. 
Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш 
біріктіре келсуін қарым-қатынас деп түсінеміз. 


111
Гуманизм принциптеріне сәйкес қарым-қатынасқа түсуші әр 
адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар бағалы болып табылады. 
Қатынас гуманизмі дербестік рөлдік позицияны саналы түрде 
өзгерте алады. Қарым-қатынас серіктестікті қабылдауда аса 
маңызды. Егер педагог баланы әсер ететін нысана ретінде көретін 
болса, өзара қатынаста гуманистік, ізгілікті ештеңе болуы мүмкін 
емес. Психолог Я. И. Коломинский тұжырымдамасы бойынша 
қарым-қатынастың екі деңгейі болады: сыртқы деңгейі тәртіптілік, 
операциялы- техникалық және ішкі деңгей жеке-маңызды ішкі 
дүниесі /87/.
В. А. Кан-Камен пікірінше адамдардың бір-бірінң мүмкіндіктерін 
бағалауы олардың бірлесе орындаған әрекетінің өту сипаты мен 
нәтижесіне байланысты (89).
Қарым-қатынас жетістігі көп жағдайда әлеуметтік перцепция 
деңгейімен анықталады, яғни адамдардың бірін-бірі, топта, 
әлеуметтік бірлестікте, өзін-өзі түсінуі және бағалалауы 
қабылданады.
Әлеуметтік перцепция адамдарды бірлестіріп, қарым-қатынас 
жасауға мәжбүр қылатын іс-әрекет.
Қоршаған ортада адамдарда жеке-тұлғаны бейнесін 
қалыптастыруда оның бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл 
атқарады. Адам бейнесін қабылдауда нақты айырмашылық бар. 
Қабылдаудың дәлдігі түрлі адамдарды ажыратуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік перцепция зерттеулерінде өзін-өзі танып білуі 
өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселе адамды күрделі 
өзін реттеуші жүйе ретінде түсінуде аса маңызды. Америка 
психологтарының тұжырымдамасына сәйкес адамның өзі туралы 
пікірінің қалыптасуы үш әлеуметтік блоктан тұрады: когнитивті, 
эмоциялық-бағалаушы және реттеуші. Когнитивті блоктың қызметі 
- өзі туралы мәліметті қорыту және сақтау, эмоциялық-бағалаушы 
қызмет - өзінің мүмкіндігі мен қабілеттілігін бағалап, өзіне деген 
көзқараста бағалау, реттеуші блоктың қызметі - өз тәртібін және 
іс-әрекетін реттеп, кері байланыс арқылы өзі туралы мағлұматты 
коррекциялау. Өзін-өзі қабылдау дегеніміз - адамдардың өзін 
басқалармен салыстыруы, өзін басқалардың қабылдауын сезінуі, өз 
әрекетінің нәтижесіне сәйкестігі және сыртқы кейпін қабылдаудан 
тұрады.
Әлеуметтік перцепцияда аса маңызды болып қарым-қатынастың 
вербальсыз әдістері табылады.


112
Жеке-дара қатынас процесінде адамдардың бірін-бірі 
қабылдаудың негізгі әдіс-жүріс тұрысы, қимылы, дауыс ырғағы, 
ымдау маскасы. Мысалы, көздер контактісі адамдар арасындағы 
қатынасы реттеуші механизм. Сол сияқты жест (қимыл) тілі 
де ежелгі тілдің бірі болып табылады. Мысалы, аудиторияда 
алдында сөйлеп тұрғанда кейбір қимылдар тыңдаушыларға қысым, 
сыйламау, тәкәппарлық болып көрінеді. Егерде сөйлеп тұрған адам 
бір аяғынан екінші аяғын аударылып, қозғалып тұрса сенімсіздік 
тудырады. Артық шапшаң қимылдар аудиториямен байланысқа 
түсуге кедергі болады. 
Экспресивті психологияны күнделікті қолдану маңызды қимыл-
қозғалысты дамытып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы жеке 
адамның қалыптасуына әсер етеді (90).
Жеке даралық қатынаста өзі туралы мәлімет, өзінің тәртібі, 
сонымен қатар өзге адамдардың қылығына жауапты реакцияны 
көрсету маңызды. Кері байланыс арқылы адам өзінің тәртібін 
икемдеп, оның тиімді жолдарын қарастырып, өзін бағалауды 
қалыптастырады. Кері байланысты жасай білу, қарым-қатынас 
жүйесінде компоненттілігін көрсетеді. 
Әдетте адам өзі туралы мәліметтерді іс-әрекеті барысында 
бақылай алады. Егерде қарым-қатынас өзінің тәжірибесі мен 
бейнесімен сәйкес қабылданбаса, онда жеке тұлға қарым-қатынаста 
кері жағдайларды осындай жағдайда қарым-қатынаста адам 
оқшаулану жағдайына сезінеді. 
А. А. Леонтьев зерттеулерінде бұндай ситуацияларда оқытушыда 
пайда болатын қорғаныс жүйесі балаларға педагогикалық ықпал 
етуіне мүмкіндік береді (91,92).
Адам қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі. Психолог 
В. А. Лабунская тұжырымдамасы бойынша қиын қарым-қатынас 
әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара
түсініспеушілік формасында шынайы жағдайларда байқалады. 
Қиын қатынастың көрсеткіштері қатынас жасаудағы ұзақ үзіліс, 
бір сөзді жауап беру, дауыс ырғағын жоғарылату, адамды тыңдай 
алмау, әңгімені жалғастырмау, байланысқа түсе білмеу, көздер 
байланысының болмауы, дөрекілік, серіктесін кемсіту, менсінбеу, 
жасықтық, ұялшақтық, келіспеушілік, өтірік, сенімсіздік, 
бірбеткейлік, серіктесінің пікіріне құлақ аспаушылық (93).


113
Қарым-қатынас қиыншылығы ішкі күйзеліс жағымсыз 
эмоциямен білінеді және қарым-қатынастың бұзылуы да тұлға үшін 
жеке қиыншылқтар туғызады. 
Жеке адамдар арасындағы байланыста қарым-қатынастың 
маңызын сапалы түрде ұсынбау ситуациясы болып табылады. Жеке 
даралық қатынастың бұзылуы- психологиялық көмекті талап ететін 
қатынас жүйесін өзгерту және коррекциялау арқылы өтеді.
Психологтар өзара қарым-қатынас кедергілерінің алты типін 
көрсетеді:
- ситуациялық кедергілер, жағдайды әр түрлі түсіну, жағдайға әр 
түрлі деңгейде ену;
- мағыналық кедергілер, алдыңғы хабарға байланыссыз айтқанды 
қабылдау;
- мотивациялық кедергілер, бір-бірімен қатынасты не себепті 
жасайтынын түсінбеу;
- өзге адам туралы түсінігі болмау;
- өзге адамды мәдени деңгейі, қажеттілігі, қызығушылығы, 
бағыттылығына қарай қате бағалау;
- кері байланыстың болмауы.
Жеке қарым-қатынас кедергілері біріншіден алғашқы әсердің 
тиімділігі, екіншіден әсердің бірлігі, үшіншіден әсердің қайталануы, 
төртіншіден әсердің үздіксізділігі.
Егер өзара қарым-қатынасқа түсетін адамдар түсінушіліктің
деңгейін анықтай алса және қарым-қатынас жасаған адамды 
түсінемін деп өзіне сенімді болса, олардың арасында қарым-
қатынас пайда болады. Қарым-қатынасқа түсушілер өздерінің 
саналарында бір-бірінің ішкі жан дүниесін ұғуға сезімдерін 
түсінуге, қылықтарының себебін анықтауға тырысады. Бөгде 
адамдарды тану ғана жеке адам қатынас деңгейін жоғары дәрежеде, 
анықтауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынасқа түсушілер өзара бір-
бірінің жан дүниесін түсініп, қабылдағанда ғана қатынас деңгейі 
соғұрлым жоғары болмақ. Қарым-қатынастың дамуына аз дегенде 
екі адам қатынасады. Қатынасқа түсушілер бірін-бірі тануда 
қабылдауда маңызды қарым-қатынас механизмдерін меңгеруі тиіс, 
олар идентификация, рефлексия және стереотипизация. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет