Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет39/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Сұрақ 2. 
Тұрғындардың миграциясы (латын тілінен: migration- көшу) – 
адамдардың тұрғын жайын тұрақта және уақытша ауыстыруымен байланысты 
орын ауыстыруы. Тұрғындардың орын ауыстыруын сипаттау үшін басқада 
терминдер кеңінен пайдаланылады: тұрғындардың миграциялық қозғалысы, 
тұрғындардың механикалық қозғалысы, тұрғындардың қайта жылжуы.
 
Қазіргі уақытта жер тұрғындарының орналасуы тек қана бұрын 
қарастырылған табиғи өсімнің қарқындағы ерекшеліктердің ғана емес, 
тұрғындардың миграциялық қозғалысының да нәтижесі болып табылады. 
Мамандар миграция анықтамасын әртүрлі әдіспен қарастырады және 
миграцияға тек адамдардың тұрғын жайын ауыстырумен ғана жатқызады. 
Мысалы: Қалаға жақын елді – мекендер тұрғындарының қалаға жұмысқа 
күнделікті барып – қайтуы (маятниттік миграция), елді – мекен аумағынан 
қысқа уақытқа шығу адамдардың орналасу және өмір сүру сипатына жататына 
қарамастан, оларды миграцияға жатқызады. Миграциялық жыжымалықтың 


есебіне келетін болсақ, онда біздің елімізде тұрғындар санағына екі жылдан кем 
емес. Сұрау мерзімінде тұрақты тұрғын жайда тұратын адамдарды 
мигранттарға жатқызады. 
Бұрынғы өткен және қазіргі күндері байқалатын барлық миграцияларды 
мамандар бірнеше түрге бөлінеді. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, 
миграцияны ұзақтығы бойынша тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрғын 
келісімен болып бөлінеді. Тұрғын жайынан тыс жерге шыққан тұрғын бұрынғы 
метамакетіне қайтып оралмаса тұрақты миграцияға жатады.
Миграциялық ағындар бағыт – бағдары бойынша сыртқы және ішкі 
миграцияға бөлінеді. Сыртқы миграциялар мемлекеттік шекараларды кесіп өту 
арқылы жүзеге асырылады және континентаралық, континентішілік болып 
бөлінеді. Оларда эмиграцияны 
(мемлекеттен шығу), иммиграцияны 
(мемлекетке кіру) және реэмиграцияны (отанына оралу) бөледі. Тұтқыннан 
оралғандарды репатрианттар (латын тілінен: patria – «отан», re – «кері») деп 
атайды. Ішкі миграциялар – бір елдің ішіндегі облыстар, аудандар, елді 
мекендер арасында орын ауыстыру.Ішкі миграцияда «эмиграция» және 
«иммиграция» терминдерінің орнына «қоныс аудару» және «қоныстандыру» 
терминдері пайдаланылады. 
Себептері немесе қозғалу мазмұны бойынша миграцияларда бәрінен бұрын 
әлеуметтік - экономикалық миграцияны бөледі, ол жұмыс іздеумен, білім 
алумен, үйлену немесе тұрмысқа шығумен байланысты болады. Сонымен қатар 
саяси, ұлттық, діни, әскери, экологиялық мазмұны бойынша миграциялардың 
ролі де артып келеді, бұл 90 – жылдарда босқындар санының ұлғаюынан және 
мәжбүрлеп қоныс аударушылардың көбеюінен көрінеді. 
Формасы немесе жүзеге асыру тәсілі бойынша миграциялар ерікті және 
мәжбүрлік болып бөлінеді. Адамзат тарихында кең көлемдегі мәжбүрлі 
миграция, оған мысал ретінде құл саудасын жатқызуға болады. Біздің елімізде 
Орал зауытына «жұмысшылар» күштеп көшірілді, ал Кеңес дәуірінде тұтас бір 
халық күштеп көшірілген. Ерікті миграцияны ұйымдастыруда айтарлықтай 
тәжірибе жиналған. Жұмыс күшінің эмиграциясы мен имиграциясы бойынша 
әр түрлі агенттіктер мен бюролар маңызды роль атқарады.
Абсолюттік және салыстырмалы сандық мәліметтерді бейнелейтін 
миграциялық процестердің көрсеткіштерін маман-демографтар мынадай 
құрамдық компоненттері бойынша егжей-тегжейлі талдайды: потенциалдық 
миграция, фактілік миграция, миграциялық байланыстардың интенсивтілігі мен 
нәтижелілігі, мигранттардың мекен ету ұзақтығы т.б. Сонымен бірге, мынадай 
жалпы көрсеткіштер жиі пайдаланылады: бір пунктке, ауданға, елге белгілі бір 
уақыт кесіндісінде келушілер мен кетушілердің жиынтық көлемі (миграциялық 
оборот, «брутто» - миграция), сонымен қатар, келушілер мен кетушілер 
ағындарының ара қатынасы (миграцияның сальдосы). Салыстырмалы 
көрсеткіштер тұрғындардың мың адамына промилле өлшемімен есептелінеді. 
Миграция сальдоының коэффициенті мен тұрғындардың табиғи өсімінің 
коэффициенті белгі бір елді мекен тұрғындарының динамикасының шамасын 
көрсетеді.


Тұрғындардың миграциясы адамзат дамуында үлкен әрі жан-жақты роль 
атқарады. 
Адамдардың 
қоғамдағы 
өзгерген 
тіршілік 
жағдайларына 
бейімделуінің бір формасы бола отырып, миграциялар жекелеген елді-
мекендерден бастап, тұтас континенттерге дейін әлем тұрғындарының 
географиясына, құрылымы мен динамикасына әсер етеді. Өткен уақыттарда 
табиғи және әлеуметтік-экономикалық әр түрлі себептер бойынша адамдардың 
үлкен көлемде жаппай қоныс аударғаны белгілі. Сонымен бірге, Америка мен 
Австралия тұрғындарының басым бөлігі иммигранттар ұрпақтарынан 
құралатыны да бәрімізге белгілі. 
Қазіргі миграциялар күрделі әлеуметтік процесті бейнелейді. Олар өндіргіш 
күштердің даму деңгейімен және олардың әртүрлі аудандарда орналасуымен 
тығыз байланысты. Тұрғындардың жылжымалығының жоғары деңгейі жұмыс 
күшін толық пайдалануды, оны индустриалды орталықтар мен игерілетін 
аумақтар арасында қайта бөлуді қамтамасыз ете отырып, экономикалық 
прогреске жағдай жасайды. Мамандар «тұрғындардың жылжымалылық деңгейі 
ел дамуының жалпы деңгейін де бейнелейді» деп атап көрсетуде 
(Экономическая и социальная география России, с.70). 
Сонымен қатар, миграцияның нәтижелері қарама-қайшы, себебі көп 
көлемдегі мигранттар ағыны жұмыссыздықтың өсуінің себебі болуы, 
әлеуметтік құрылымға қысым көрсетуі немесе криминалдық элементтердің 
шоғырлануына жағдай жасауы мүмкін. Москвалық үкімет осыдан қорқа 
отырып, келгендерді тіркеуге алуды жоюға қарсы болуда. Адамдар санының 
азаюы және тұрғындардың көп көлемде кетуі салдарынан аудандардың 
экономикалық құлдырауы да миграцияның теріс жақтары болып табылады. 
Миграция мигранттардың көшіп кету ауданында да, қоныстану ауданында 
да тұрғындардың демографиялық құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырады. 
Тұрғындардың ең жылжымалы бөлігі еңбекке жарамды жастағы тұрғындар 
болғандықтан, көшіп кету аудандарында тұрғындардың табиғи өсімінің 
қарқыны төмендейді және ол кету ағынын ғана емес, табиғи өсімнің қысқаруы, 
тұрғындардың «қартаюы» есебінен де жүреді. Мигранттардың келу 
аудандарында тұрғындар саны жоғары қарқынмен өседі, маманданған жастық 
құрылып қалыптасады және бұл құрылымда еңбекке жарамды жастағы 
тұрғындар, әсіресе жастардың үлесі орташа көрсеткіштен жоғары болады. 
Сонымен қатар, тұрғындардың ер адамдар бөлігінің жоғары жылжымалылығы 
салдарынан мигранттардың келу аудандарында маскулинизация жүреді. 
Миграцияның әсерінен тұрғындардың орналасуы және қоныстануы, әлеуметтік 
құрылымы, этникалық құрамы өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет