2. Орта ғасырдағы саяси ілім.
Саяси ой тарихында ортағасырлардағы
феодалдық қоғамның орыны ерекше. Батыс Европада феодализм мың жылдан
артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті.
Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан
мәдениетінің негізі болдды.
Христиан дінінің теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома
Аквинский (1225-1274 жж.) өмір сүрген. Оның саяси көзқарастары
«Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген
еңбектерінде қаралған.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын котолик
дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты. Жалғыз адам әу бастан өз
мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан
бірігіп мемлекет болып өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел баста жазылған
деп түсіндірді. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және
соның бұйрығымен жүзеге асырылады. Билік басындағылардың халыққа
жасаған жақсылықтарының бәрі бір жаратушының арқасы деп түсіндірді.
Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы тиіс. Оның
пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек. Ол биліктің
монархиялық түрін жақтады.
Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси
билік дін басылардың қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай
мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун (1332-1406 жж.) өмір сүрген. Ол «өзінің
тарихқа кіріспе» деген еңбегінде қоғам мен билік түрін ғылыми талдап береді.
Адамның жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді деген пікір
айтады. Оның осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды. а) қоғамдық
топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы; б) басшы топтар билігінің
шеңберлі айналу түрінің қағидасы деген екен.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін
салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болған. Оның атақты шығармалары
«Патша», «тит Левидің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның
тарихы».
Николло Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі
сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған
бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті,
еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет еркі болса ғана қуатты, абройлы бола
алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал,
қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол
астындағы адамдардың бірлігіне келгенде, Николло Макиавелли әділдік пен
адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа
жету үшін амал, айланың барлығын қолдануға кеңес берген. Сол мақсатта ол
қаталдыққа да баруға болады деген екен. Бірақ бұл көп жерде еске алынбай,
«мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида сөз макиавеллизм деген атпен тарап
кеткен. Кейбір әкімдер Николло Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп,
өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келген.
3 Жаңа заман мен қайта өрлеу жылдарындағы саяси ой-пікір.
XVII
ғасырда буржуазиялық революция Европа көлемінде ең бірінші Англияда
болды. Ол феодализге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез
дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томос Гоббос
(1588-1679) еді. Oның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде
жалпыға бірдей бейбіт өмірмен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғам
келісім бойынша патшаға жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз
тілектерімен еріктерін шектеп, бар билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық
мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи
Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының
айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырды.
Бостандық - заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың,
өндірістің сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын
жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз
етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол
бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек
деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ
буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең
жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана
емес мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке
жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың
өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға
тиіс. Ол оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап
етті.
Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы
тәуелсіздік үшін күрес езіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томос
Джефферсонның (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы
революциялық
құжат
Америка
Құрама
Штаттарының
«Тәуелсіздік
Декларациясын» жазды. Мемлекеттік үкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш
адамды шеттетуге болмайды. Егер үкімет халық құқын қорласа, ондай үкіметті
ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон
рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын
дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің ролі АҚШ-
тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда теңдік,
бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи
құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан
жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп
жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар
делінген.
Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы
үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ
өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын
аңсады.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн
(1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан
бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еріндікті, теңдікті, сөз,
баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жетулерді жатқызды.
Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам
тудырады. Үкіметтің мақсаты - қаупсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету.
Оның саяси мұраты - жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар
демократиялық республика.
Ол соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті
сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін
соғысты қолдады.
Т. Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің арқасында жазылып,
1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік
Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлық адамдардың
жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және
кауіпсіздікке құқы бар; халық – үкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән,
үкімет – халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына
жұмыс жасау керек, егер олай болмаса, халық өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға
еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот өкіметі болып бөлінуі керек
делінген.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық
философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси
пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары»,
«Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар-
намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам
оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс
істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Ол мұны
«категориялық императив» деп атаған. Оның мәні – әрбір адамның іс-әрекеті
басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерелейді.
Ол әр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара
қарым қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білген.
XVIII ғ. аяғы – XIXғ. бірінші жартысында Батыс Европада капиталистік
мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Бірінші –
капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі –
адымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Европа елдеріндегі күрделі
өнеркәсіп өзгерістері капитализмді одан әрі нығайтқан. Сондықтан бұл кездегі
буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм болған. Сонымен
қатар капиталистермен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне
байланысты кертартпалық пікірлер туа бастаған.
Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фурье,
Оуэн сияқты утопиялық социалистердің іліміне артты. Олар буржуазия
орнатқан тәртіптерді қатты сынаған. Утопист-социалистердің озық ойларымен
қатар кемшіліктері де болған. Олар қоғамдық дамудың заңдылықтарын
түсінбеген, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы жолдарын көрмеген,
жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қараған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |