Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның
ұйымдастырушысы болған.
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын
дамытты.
Буржуазиялық-демократиялық
революцияның
социалистік
революцияға ұласуын негіздеген. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе
тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама
жасаған.
Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан
алуан болатындығы туралы қағиданы қолдаған. Пролетариат диктатурасының
мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашқан.
Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл
шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге
асырумен байланыстырған. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің
ролін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсеткен.
Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп
ұққан.
Достарыңызбен бөлісу: