Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Әбсаттаров Р. Б. Саясаттану негіздері: екі томдық оқу құралы /
Раушанбек Әбсаттаров. - 2-ші басылымы. - Алматы: Қарасай, 2012
2. Әбсатаров Р. Саясат: шешімдер мен технологиялар // Экономика. - 2011. -
14-20 сәуір (№ 15)
3. Көбеев Е. Қ. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы: оқулық / Е. Қ. Көбеев,
Н. С. Ахметова, К. Т. Байжанова; академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік ун-ті. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. - 267 б
4. Рүстембекова Д. К. Қазақстан Республикасында ұлттық саясат
қалыптасуының теориялық-құқықтық аспектілері / Д. К. Рүстембекова //
Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Құқық сер. = Вестник Караганд.ун-
та.Сер.Право. - 2014. - № 1. - С. 108-115 б
5. Рахымбаева А.С. Саясаттану: дәрістер жинағы: оқу құралы/ А.
Рахымбаева. - 2-ші басылым. - Астана: Фолиант, 2010. - 212 б.
Дәріс 18. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Дәріс жоспары:
1. Саясаттың түсінігі мен табиғаты.
2. Саясаттың құрылымы, субъектілері және негізгі мәселесі.
3. Саясаттың түрлері мен қоғамда алатын орны.
1. Саясаттың түсінігі мен табиғаты.
Саясат жалпы алғанда қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады.
Өйткені, саясат қоғам өмірінің барлық, оның алуан түрлі іс-қимылының
көрсеткіші шектеушісі. Саясат қоғам өмірінің кез-келген саласындағы барлық
құбылыстармен процесінде көрсетледі деуге болады. Сондықтан, ол өзінің
пайда болуы кезенінен бастап, әртүрлі деңгейде, күрделі түрде түрліше
дәрежеде өтіп жатады. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы
ұжымнан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарға
саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.
Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір
мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс
болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап –
тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен,
жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер
арасындағы саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.
«Саясат» ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен
байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың
ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде
саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам
тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы
функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат
адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық
құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті.
Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.
«Саясат» («политика») сөзі Аристотельдің «Политика» деп аталған
мемлекет, басқару, үкімет туралы трактаты ықпалымен пайда болған.
Саясат (гр. politika
- мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік
және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны
білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
- өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті
басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты
мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы
қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме,
бірлестіктердің қызметі;
- мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын,
анықтау;
- адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған
басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-
әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
- әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа
жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
- мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар
жиынтығы.
Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді:
Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының
(әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т.б)
арасындағы
қоғамдық
қатынастарды
реттеудегі
мемлекеттік
билік
органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін
ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны
билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты. Екіншіден,
азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және
мемлекеттік кұрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға,
басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен
акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді. Үшіншіден,
мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси катынастардың баска да
субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әр түрлі аспектілеріне
ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды
тиісінше реттеуді көрсетеді. Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге
қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани)
жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды
кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді
күштер мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді. Саясат
адамдардың мінез - құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің
қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар,
көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік -
саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге
асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады.
Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс-
әрекетін де қамтиды.
Саяси әлеуметтану шеңберінде саясат төрт аспектіде қарастырылады:
1) саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу;
2) қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге
асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтіктоптардың қоғамға және оның
жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу;
3) саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік
құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау;
4) жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде
сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.
Саяси әлеуметтану саясатты әлеуметтік құрылым, биресми әлеуметтік
институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология
көмегімен талдайды.
Қазіргі саяси әлеуметтану ғылымда саясаттың табиғаттын түсіну өте
күрделі ұғым болып отыр.Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде пайда
болуымен мәні жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Соның
бірнеше бағыттарын көрсеткен жөн:
- Теологиялық бағыт - мұнда саясаттың пайда болуы, құдайдың
құдыретімен түсіндіріледі.
- Географиялық бағыт - Жан Боден, Ш. Монтескье сияқты ойшылдардың
айтуы бойынша: «Саясат географиялық себептерден пайда болды, бұл құбылыс
қоршаған ортаның ерекшеліктеріне байланысты» деп түсіндіріледі.
- Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли, Т. Гоббс зерттеулері бойынша
саясаттың көзі адамдардың биологиялық алғышарттарымен байланысты
түсіндіруге бағыт береді. Бұл бағытты жақтаушылар саясатты ортақ игілік
көпшіліктің мүддесі үшін жеке адамның өзімшілдік мінезін тізгіндеу
мақсатында пайда болған дейді.
- Психологиялық бағыт - адамның психологиялық қасиеттерінің саясат
құбылысының түсініктеріне, сезімдеріне, данышпандығына байланысты дейді.
- Конфликтік бағыт - Шмидтің пікірінше: саясаттың табиғаттың әртүрлі
топтың мүдделеріндегі қайшылықтарға сілтеме жасап, тұтастығын сақтау үшін
шиеленусуді реттеу керектігімен түсіндіреді.
Саясаттың сонау ертеде пайда болғанынан бастап, қазіргі күнге дейін оның
түсінігі жөнінде бірнеше көзқарастар мен аңықтамалар кездеседі.
Мысалы зерттеушілердің бір тобы саясатты - адамдардың өз мүдделерін
іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап
тұруға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекттің, ұлттың,
үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның қызметі деп түсіндіреді.
Ал, екіншілер, саясат - ол мемлекеттің басқарушылық істеріне қатысу, оның
қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау дегенді білдіреді.
Үшіншілер, саясатты – ол басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым
қатынастардың бір түрі.
Бірақ бәрі саясаттың негізгі маңызды мәселесі - билікке қатысты жағдайдан
көрінетіндігін байқайды.
Саяси сала мен оны анықтайтын факторларды талдампаздық модель ретінде
түсіндіруге болады. Ол модель әлеуметтік ықпалдар мен қатынастар саласын,
саясат өрісі саяси құбылыстың үлкен жиынтығын қамтиды. Сондықтан,
қоғамның саяси өмірі осылардың негізінде қалыптасады. Мұндай саясат өрісі
саясаттың қызметін факторларынан көрінетін әлеуметтік кеңістікті белгілейді.
Саясат ұғымы саяси құбылыстар мен процестерді толық көрсетеді. Оған ең
алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндегі жалпы саяси билігіне
қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады.
Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу
жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және
мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады. Саясат саласына
халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық
қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің бәрі де жинақталып
«саясат» ұғымынан көрініс табады.
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық
қауымдастықтар сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы
қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар нақты құбылыс ретінде саясаттың
негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде қоғамдағы жүріп
жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады, дамиды және
бірін-ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацияны) бейнелейді, яғни
саяси билікке қатысты әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастарды
көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты саяси
өмірін зерттейтін саяси қатынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси
қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара
әрекеттері қарастырылады.
Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар
мен басқа да әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше
түрі ретінде мемлекеттік билікті қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты.
Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік,
халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса,
екіншіден ол - өнер, «мемлекетті басқару өнері» болып табылады /Аристотель/.
Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар
мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар,
ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |