Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет54/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
2. Саясаттың құрылымы, субъектілері және негізгі мәселесі: 
Саясат ұғымы саяси құбылыстар мен процестерді толық көрсетеді. Оған ең 
алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндегі жалпы саяси билігіне 
қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. 
Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу 
жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және 
мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады. Саясат саласына 
халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық 
қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің бәрі де жинақталып 
«саясат» ұғымынан көрініс табады. 
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық 
қауымдастықтар сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы 
қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар нақты құбылыс ретінде саясаттың 
негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде қоғамдағы жүріп 
жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады, дамиды және 
бірін-ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацияны) бейнелейді, яғни 
саяси билікке қатысты әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастарды 
көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты саяси 
өмірін зерттейтін саяси қатынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси 
қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара 
әрекеттері қарастырылады. 
Саясат күрделі және көп құрылымды құбылыс. Өйткені, саясат қоғам 
өмірінің барлық, оның алуан түрлі іс-қимылының көрсеткіші шектеушісі. 


Саясат қоғам өмірінің кез-келген саласындағы барлық құбылыстармен 
процесінде көрсетіледі деуге болады. Себебі оның негізгі мәселесі билік болып 
табылады. Ол өзінің пайда болуы кезеңінен бастап, әртүрлі деңгейде, күрделі 
түрде, түрліше дәрежеде өтіп жатады. 
Саясаттың 
құрылымы

- саяси қызығушылық (қоғамдағы саяси билікке деген қызығушылық, 
құштарлық); 
- саяси қатынастар (қоғамдағы саяси билікке байланысты қатынастар. 
Мысалы: басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастар); 
- саяси іс - әрекет және қызмет (Мысалы: саяси билікті жүзеге асыруға 
байланысты іс-әрекет); 
- саяси мәдениет пен саяси сана (саяси қызығушылық пен саяси 
қатысушылық арқылы көрініс табады); 
- саяси ұйымдар (Мысалы: мемлекет, саяси партиялар сиқты негізгі саяси
институттар). 
Саясаттың 
субъектілер:
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне 
байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-
әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер 
енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады.
Саясат субъектілері болып мыналар табылады: Жеке адам, индивид. Саясат 
субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық 
сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз 
субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің 
арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни 
саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы оның әрекетіне дербестік 
береді.
Әлеуметтік топтар - адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси 
қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне 
қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, 
ТОП элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен әлсіздігі, 
ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады.
Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, 
жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде 
бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. 
Бірақ әлеуметтік топтар - біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне 
бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ 
саясаттың субъектісіне айналады. 
Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы - 
саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және 
сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, 
әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың 
қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және 
оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету 
функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін 


саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен 
қызметіне ықпал тигізу өте маңызды.
Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге 
талаптануы - саясаттың мәнді аспектісі.Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси 
белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде 
бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін 
жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі 
әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси 
элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте 
пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану 
арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп 
тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен 
сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен 
байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету - 
міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып 
табылады. 
Саясаттың субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси 
өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал 
ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын 
адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар 
жатады: 
- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық 
бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе 
оған ықпал етеді.
- Жалпы әлеумет – ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың 
әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады.
- Жекелеген тұлғалар – саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет