Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Әбсаттаров Р. Б. Саясаттану негіздері: екі томдық оқу құралы /
Раушанбек Әбсаттаров. - 2-ші басылымы. - Алматы: Қарасай, 2012
2. Әбсатаров Р. Саясат: шешімдер мен технологиялар // Экономика. - 2011. -
14-20 сәуір (№ 15)
3. Көбеев Е. Қ. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы: оқулық / Е. Қ. Көбеев,
Н. С. Ахметова, К. Т. Байжанова; академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік ун-ті. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. - 267 б
4. Рүстембекова Д. К. Қазақстан Республикасында ұлттық саясат
қалыптасуының теориялық-құқықтық аспектілері / Д. К. Рүстембекова //
Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Құқық сер. = Вестник Караганд.ун-
та.Сер.Право. - 2014. - № 1. - С. 108-115 б
5. Рахымбаева А.С. Саясаттану: дәрістер жинағы: оқу құралы/ А.
Рахымбаева. - 2-ші басылым. - Астана: Фолиант, 2010. - 212 б.
Дәріс 19. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері
Дәріс жоспары:
1. Саяси билік - биліктің бір түрі. Оның түсінігі, ғылыми анықтамалары
және оның көріністері.
2. Саяси биліктің қайнар көздері мен рессурстары.
3. Саяси биліктің түрлері, қызметтері, субъектілері
4. Саяси биліктің легитимділігі және билік бөліну прнциптері
1. Саяси билік - биліктің бір түрі. Оның түсінігі, ғылыми анықтамалары
және оның көріністері.
Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси
процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті
өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен
бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның
алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен
байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр
ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның,
мемлекеттің билігі және т.б. Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп,
олардың іс-әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы
билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік
және саяси емес билік.
Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың
ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып
есептеледі. Билік адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі
туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі:
1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету
үшін;
2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді
бекіту үшін;
3) Қоғамдағы шаруашылық қызметін атқару үшін қажет.
Қазіргі кезде саясат әлеуметтануда кең таралған саяси билік теориясы орын
алады. Саяси институттар мен барлық саяси ұғымы әлемінің мәнін түсініп
білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі - билік, ал мазмұны
- билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-
Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік
үшін күреседі деген екен. Ағылшынның ең, ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам
қайраткері болған Бертран Рассея (1872-1970) физикада басты ұғым энергия
болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі үғым билік болып табылады деп дұрыс
айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979)
экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те
соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың
бәрі билікке байланысты келеді.
Қазіргі ғылым әдебиетте биліктің әр түрлі анықтамасы бар:
1. Бихевиористік - анықтама бойынша билік адамға мінез - құлқына әсер
етуші мүмкіндігіне негізделген.
2. Телеологиялық - билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге
жетудің (құдай арқылы).
3. Инструменталистік - билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде
қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.
4. Структуралистік - билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы
айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің
екінші біреулерге ықпал жасауы.
5. Конфликттік - анықтама бойынша игіліктерді, даулы жағдайларды
бөлісуді үйлестіру, құрастыру ретінде түсіндіріледі.
6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы
ыкпал ретінде қарайды.
7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей,
билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды
өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билік және
қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде
сипаттайды.
Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасыңда ортақ пікір, анықтама
жоқ екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат
сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек
анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж.
К. Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының айналасындағы
айтыс-тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі биліктің өзі көбірек
ойландырған, магнитше тартқан.
Дегенмен,
ғылым
болғандықтан
анықтама
беріледі.
Мысалы,
«Философиялық энциклопедиялық сөздікте» билік туралы былай делінген:
«Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен
мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер -
бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау» («Философский
энциклопедический словарь «. М., 1983, 85-бет).
Біздіңше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-
әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда
болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ен алдымен қоғамдық
өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды
біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы карым-
қатыпастарды, адамдар, қоғам және мемлекетгік саяси институттар арасындағы
қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау
үшін керек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол
кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру мен тайпалардың барлық мүшелері
бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда
болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның
орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді,
адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.
Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен
қарайтын органға айналды. Құлдық коғамда саясат, саяси билік пайда болды.
Соңдықтан саяси биліктін пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда
болуымен байланыстырады.
Әдетте, «билік» деген сөз әр-түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету
бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі,
мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқыктық, әскери, рухани билік
және т.б. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана
айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.
«Биліктің басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің мынадай
ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары
тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның
атынан билік жүргізуі, басқару мен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше
тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа
мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс
тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана
алуы және т.б.
Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам
т.б. тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен
пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу
құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.
Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуының
шартттары:
1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі
өкілі болуы керек.
2. Билікті жүзеге асыру үшін бағынбаған жағдайда жазалау шараларын
қолданатындығы жөніндегі бұйрығы болуы тиіс.
3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек.
4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық
ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің
жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.
Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді. Оларға келесі
көріністер жатады: - басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру,
қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда саяси билік – қоғамдық өмірді іске асыру
құралы болып табылады деп есептеуге болады.
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар,
мекемелер, техникалық, информациялык, адамдык. жайттар, қоғамдық
қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді камтамасыз ететін ережелер арқылы
іске асады. Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, қан, адамның
қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама акпараттар
жатады. Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр,
амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар
пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық
ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.
Сонымен, саяси билік деп адамдардың не сол адамдардан құрылатын басқа
да әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-әрекетінің бағытына,
сипатына және мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық т.б. әр түрлі
механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкінділік.
Достарыңызбен бөлісу: |