- Қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет
арқылы, қоғамдық - саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі.
- Биліктің арнайы басқару ісімен шұғылданатын
ерекше кәсіби топтардың
болуы.
Саяси
биліктің қасиеттері:
1) биліктің ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы.
2) биліктің иерархиялық денгейде сипат алуы.
3) үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу.
Саяси билік қоғамда көбінесе
мемлекеттік билік
арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік билік
саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері:
1) Ол белгілі бір территорияда ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік.
2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппаратына сүйенеді.
3) Мемлекеттік билік монополиялық тұрғыдан сипат алады.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар
. Мұнда біреулер билік етуге құқықты
да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін
саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар.
Оған жататындар:
1. Экономикалық қор
. Қандай саяси билік болмасын оған каржы-каражат
керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін
ондаған миллион ақша
жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шет
елдерде үміткерлер
жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді.
Билеуші аппаратты ұстау үшін қаншама қаржы кетеді. Оның үстіне, әдетте,
билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді.
Мысалы, АҚШ-тың көрнекті президенттері: Ф. Рузвельт «Жаңа бағыт», Дж.
Кеннеди «Жаңа шеп», Л. Джонсон «Кедейлікке қарсы соғыс» және т.с.с.
бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар ақша іздестіруге
тура келеді. Экономикалык қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да
материалдық құндылықтар, құнарлы,
шұрайлы жерлер, пайдалы қазба
байлықтары және т.б. кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: