Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет59/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады
. Оған жататындар: қоғамның 
саяси жүйесін калыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен 


коғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік 
басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. 
арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен 
мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге 
басшылық жасау; саяси және басқа катынастарды бақылау және түптеп 
келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және 
мемлекеттік құрылысты (монархиялык, республикалық), ашық не жабық (басқа 
мемлекеттерден окшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды кұру, 
қоғамдык тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, 
оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу 
және т. б. 
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, 
жұмыс істейді: 
1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен 
ұйымдар, саяси партиялар мен коғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін 
өте ірі деңгей;
2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, 
облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі 
мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. 
мекемелер) кіретін орта деңгей;
3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа 
ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып 
табылатын, саяси және қоғамдык өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей. 
Билік мәселесін қарастырғанда 
саяси биліктің «субъектісі» және «иелік 
етуші»
деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді. 
Субъект деп
іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік 
топ, тап, партия, мемлекетті айтады.
Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, 
субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті колданушы, корғаушы, «иелік 
етуші» болып есептеледі. Баска сөзбен айтқанда, субъект билікті «иелік 
етушілер» арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке 
«иелік етушілерді» биліктің өзімен шатастырады немесе «иелік етушілерді» 
билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген 
шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылык 
бастыктарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз 
беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыкқа, 
керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын 
белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды. 
Биліктің субъектісіне
жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т. б. 
жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай 
кұкық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі 
бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады. 
Биліктің кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін, жұмысын және 
болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Әр түрлі билік 
өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді. Атап айтқанда: 


1) институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі 
бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары 
шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары 
орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы 
топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі (мәселен, саяси 
ассоциациялардағы билік, биресми топтарды және т. б. басқару);
2) жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып 
бөлінеді. Мысалы, соңғысына экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және 
т. б. билігі жатады;
3) құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік 
мемлекеттік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшіліктің және т. 
б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүниежүзілік ұйымдар мен 
одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі;
4) биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, 
ұжымдық болып топталады. 
4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет