- эмоция – жақтастары жетекшіге деген ерекше сенімділіктерімен
қамқорлықтарымен көзге түседі.
I. Саяси жетекшілердің бейнесі бойынша М. Херманн былай жіктеледі:
- Ту көтеруші; Қызмет етуші; Саудагер; Өрт сөндіруші.
1. Ту көтерер саяси жетекші.
Оның өмірге деген өз көзқарасы, болашаққа
болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. Ол өмірде болып жатқан
оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оны өзгертудің жолын, қарқының
айқындайды.
2. Қызмет етуші жетекші. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін
дәлме-
дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді.
3. Саудагер топ бастар. Оның ерекшелігі - алдына қойған жоспарды іске
асыруда соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қабілетінде.
4. Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттын талабына сай өз жақтастарының
жинақтап қойған сауалына, қысылтан жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол
көрсете алады.
II. Психологиялық фактор (Д. Барбер):
- «Қожайын»; «Әртіс»;«Үлгілі»; «Серік».
1. Қожайын – жолдастарына сенбеу, күмандану, билікке құмарлық, саяси
террор, тарихи шектеулі мерзім ішінде маңызды
стратегиялық мәселелерді
шешу.
2. Әртіс – көрермендер үшін қызмет ету, бұқараның ықыласын қалайда
болсын алу негізінде жатқан стимулдарға ориентация, саяси мойындау
жетекшіні қоғамдық құндылықтардың және өзінің
қызығушылықтарынан бас
тартуына әкеледі.
3. Үлгілі – қатулық, жеңілсіздік, ол әрқашанмазасыз,пунктуальды, әсіресе
төтенше жағдайларда өзін ынғайсыз сезінеді.
4. Серік – басқа саясаткерлерді идеалдандырады, ол
өзі болса солардың
артында жүреді; оның нақтылы анық саяси бағдарламасы жоқ; туған
қиыншылықтарды шешетін нақтылы әдіс-тәсілдері де жоқ.
Айта кету керек:
1. идеальді типтегі саяси стильдер шын өмірде өте сирек кездеседі.
2. саяси стиль мыналармен анықталады:
а) нақтылы саяси жағдайлармен;
б) саяси бағытының сипатымен;
в) әр елдің ұлттық мәдениетінің ерекшелігімен;
Саяси жетекшілердің қызметтері:
1.
Қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-мұраттарының негізінде
әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру;
2.
Халықтың, топтардың қажеттіліктерін өтейтін және ғарыштып алға
басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау;
3.
Қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың
әдістері мен тәсілдерін
айқындау;
4.
Халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру;
5.
Жұртшылықпен, әртүрлі топтар, ұйымдар мен тығыз байланыс жасау,
осының негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрін қамтамасыз
ету;
6.
Әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Осыған қарамастан мынаны ұмытпаған жөн:
1. Жетекшінің қызметі оның басты жұмысының бағыты болып саналады.
2. Функциялардың саны бір қатар факторларға байланысты:
а) қоғам мәдениетінің түріне;
б) саяси режимге;
в) азаматтық қоғамның дәрежесіне, халықтың өмір деңгейіне.
3. Саяси жетекшінің жұмысы мынадай кезеңдерден тұратын үш қызметі
атқарады:
а) «диагностикалық» міндет: саяси жетекшілер қалыптасайын деп келе
жатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді, яғни «диагноз» қояды;
б) саясатты белгілеу:
жетекші өз тобының, жақтастарының мақсатына сай
шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді;
в) іске тарту: жетекші өзінің белгіленген саясатын іске асыруға тырысады.
Ол үшін өзінің тобы, жақтастары оның іс-әрекет жоспарын қолдауы керек.
Соның арқасында оны жүзеге асыруға бәрі жымылдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: