Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет63/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
 
3 сұрақ
. Термин «элита» латын тіліндегі – elijere - таңдау деген сөзден 
шықты; бірақ тікелей француз тіліндегі “elite” – тәуір, сұрыпталған, таңдалған 
деген сөзбен байланыста кең таралды. ХҮІІ ғ. бастап бұл сөзді көпестер ең 
жоғары сапалы тауарларды белгілеу үшін пайдаланды. ХҮІІІ ғ. ол кең 
мағынада пайдаланылатын болды. Оны “таңдаулы адамдарды, ең алдымен, 
жоғары мәртебелі адамдарды, сонымен бірге сұрыпталған әскери бөлімдерді” 
белгілеу үшін пайдаланатын болды.
Бұл ұғымды және генетика саласында селекцияда, тұқым туралы ілімінде 
тәуір тұқымдарды, өсімдіктерді, жануарларды белгілеу үшін қолданылатын 
болды. Англияда, 1923 жылғы Оксфорд сөздігі бойынша, бұл терминді 
әлеуметтік иерархия белгілеу үшін пайдаланатын болды. Демек, элита ұғымы 
қоғамдық ғылымдар саласында ХІХ ғ. аяғында – ХХғ. Басына дейін кең 
қолданылған жоқ. (яғни, В.Паретонның еңбектері шыққанға дейін), АҚЩ ХХғ. 
30 жыл дейін. Бірақ бұл ұғымның мазмұнын анықтаған кезде оның 
этиологиясы, яғни шығуы, тек қана жәрдем беруші мағынада пайдалануы 
мүмкін. Сонымен “элита” (төбе топ) дегеніміз не ? Бұл мәселемен айналысатын 
ғалымдар бірқатар тұжырымдарды ұсынады. Олар кейде бір-бірімен 
қайшыласып тұрады. Бұл пікірлердегі ортақ белгі – қоғам үшін төбе топтың 
қажеттілігін мойындау. Барлық басқа жақтарынан қарағанда олар көбінесе әр 
түрлі көзқарастарды білдіреді.
 
Егер бұл терминнің негізгі мағыналарын қосып көрсек, онда өте шұбар 
бейне қалыптасады. В. Паретонның анықтамасынан бастайық, өйткені дәл осы 
ғалым бұл ұғымды саясаттану саласына енгізді. Оның пікірі бойынша, “элита” 
(төбе топ) – бұл өзінің қызметінің саласында ең жоғары көрсеткішке, биліктің 
жоғарғы дәрежесіне жеткен тұлғалар. Өзінің басқа еңбегінде Парето былай деп 


жазады; төбе топ, элита – “бұл өздерінің ықпалы мен саяси және әлеуметтік 
құдіретіне қарай жоғары орын алатын адамдар”, “аристократия (сөздің 
этимологиялық мағынасында: “aristos” – тәуір) оған кіретін көбісі айтарлықтай 
дәрежеде белгілі қасиеттерге - билікті қамтамасыз ететін – ие болып тұр”. 
Саясаттану саласындағы төбе топ туралы анықтамалар бұл ұғымның 
көлемін әртүрлі түсінеді. Тар көлемдегі анықтаманы жақтаушылар төбе топқа 
тек қана мемлекеттік биліктің жоғарғы деңгейдегі адамдарды жатқызады, 
кеңдеу көлемдегі анықтаманы жақтаушылар – басқарушылардың бүкіл 
иерархиясын жатқызып, оның құрамында жоғарғы, орта буындарын және 
бюрократиялық аппаратты ажыратады. Жоғарғы буын бүкіл ел үшін маңызды 
шешімдерді қабылдайды; орта буын - жеке аймақтар үшін, әлеуметтік 
қызметтің жеке салалары үшін, маңызды шешімдерді қабылдайды. Элитаның 
құрамды бөліктерін бір-біріне бағындырып, тәртіпке келтіру үшін С.Келлер 
“стратегиялық элиталар” ұғымын енгізді. Және “суперэлита” термині немесе 
элита жүйесіндегі элитасы” ұғымы пайда болды. Төбе топтың төменгі құрамды 
деңгейлерін атау үшін “субэлиталар”, аймақтық элиталар терминдері 
ұсынылады. 
Ал, енді саяси элитаның ішінде басқарушы, оппозициялық және контр-
элитаны ажырату керек. Оппозициялық элита белгілі саяси жүйесінің 
шеңберінде билік үшін күрес жүргізеді, ал контр-элита бүкіл саяси жүйені 
өзгерткісі келеді. 
Жолшыбай кейбір мәселелерді нақтыландырып кетейік. “Элита” терминнің 
мазмұны туралы түрлі көзқарастардың болуын көрсеткенде, американ 
әлеуметтанушы Р. Милстің тұрғысын байқамай өтіп кетуіміз дұрыс болмайды. 
Батыс 
саясаттанушылардың 
көбісі 
оны 
элитаршы 
және 
элитаны 
институциялдық тұрғысынан зерттеуші деп есептейді. Бірақ олар Миллстің 
тұрғысының ерекшелігін елемейді. Ол қазіргі американ коғамының элита мен 
бұқараға бөлінуін мойындайтын бірақ оның нәтижесінде саяси жүйенің 
элитарлығын шын жүректен сынға алатын Сондықтан, Миллсті элитаршы деп 
айтуға болмайды: ол элитаның болуын жақтырмаған. “Элитаршы” деген 
терминді тек қана элитаның болуын жақсы көретін, элитарлық қоғамдық 
құрылысты дұрыс, жетілген құрылыс деп ойлайтын ғалымдарды атау үшін 
қолдануға болады. Мысалы, Ортега-и-Гассетті. Ал, Миллс американ 
әлеуметтік-саяси жүйесінің элитарлығын мойындаса да, оны демократиялық 
емес (немесе жеткіліксіз демократиялық) ддеп сынға алады. Оның идеалы 
элитаризмнен өте алыс тұрғанын бірден байқауға болады. Осы себептен 
Миллсті “элитолог”, яғни элитатанушы деп атаған жөн. 
Саяси элитаның негізгі белгілері элитологияның алдында болған 
ғалымдардың және оның негізін салған ойшылдардың еңбектерінде анық 
көрсетілген. Мысалы, Ф. Ницше элитаны сипаттағанда, оны “Жердің 
қожайындары”, “жоғарғы нәсіл – аристократия” деп атайды және оның ерекше 
белгілерін көрсетеді: олар өздерінің басқа адамдардан айырмашылығын біледі, 
өздеріне ұқсамайтын, қарсы тұрған адамдарды менсінбейді, өзі өздерін 
мадақтайды, олардың билікке бағытталған ерігі күшті. 


Г.Моска “Басқарушы тап” деген еңбегінде былай деп жазады: Азшылықты 
құраған жеке адамдар басқарылып жүрген бұқарадан өздерінің қасиеттерімен 
айырылып тұрады. Бұл қасиеттер олардың материалдық интеллектуалдық және 
моралдық та артықшылығын қамтамасыз етеді”. Бұл элитаға құндылықтық 
көзқарасты дәлелдеудің түрі. “Басқарушы таптың басымды белгісі болып 
көбінесе әскери батылдықтан гөрі байлық болып табылады, басқарушы 
адамдардың батылдығынан гөрі байлығы көзге түседі”. Саяси элитаға кіру үшін 
жол ашатын үш қасиеттер болу керек, Г. Москаның пікірі бойынша - әскери 
ерлік, байлық, діндарлық. Кейін Моска нақтылау пікірін білдіреді: басқарушы 
тап ақыл-ойдың, байлықтың, қабілеттердің негізінде қалыптасу керек. Г. Моска 
саяси таптың билікті бекітуінің және өз-өзін жаңартуының үш тәсілдерін 
көрсетеді – бұл мұрагерлік, сайлау және кооптация. Бір жағынан, барлық саяси 
таптар мұрагер болғысы келеді, егер де-юре болмаса да, де факто тым болмаса. 
Басқа жағынан әрқашанда жаңа күштер шығады. Олар ескі күштерді 
ауыстырғысы келеді. 
Осы беталыстардың қайсысы басымды болса, саяси таптың сипаты да соған 
байланысты болады. Егер бірінші беталыс басымды болса, онда саяси тап 
жабық 
және 
кристаллизацияланған 
болады. 
Ол 
азды-көпті 
түрде 
консолизацияланып, жабық тапқа айналғысы келеді. Бұл беталысты Г. Моска 
аристократиялық деп атайды. Егер екінші беталыс басымды болса, онда 
басқарушы топ жаңарып шығады. Екінші беталысты Г. Моска демократиялық 
деп атады. Г. Моска үшін осы екі беталыстардың тепе-теңдігін білдірткен қоғам 
- ең дұрыс қоғам. Басқарушы тап үшін, дейді ол, белгілі тұрақтылық қажет. 
В. Паретоның пікірі бойынша, элитаның негізгі айырмашылығы, - өзінің 
қызметінің саласында ең жоғары бағаны алу. Бұл адамдардың қабілеттерінің 
индексі (көрсеткіші) өте жоғары – ол 10-ға тең. 
Ал басқа адамдардың индексі төмен деңгейлерді білдіреді – 0,1,6,8-ге тең 
болуы мүмкін. В. Парето қоғамды пирамида түрінде көрсетіп, оның ең 
төбесінде элитаны жайғастырады. Төменде жайғасқандардың ең дарынды 
өкілдері жоғары қарай көтеріледі, басқарушы элитаның қатарына қосылып, ал 
оның кейбір мүшелері нашарланып, деградацияға ұшырап, “төмен қарай 
түседі”, бұқараның қатарына қосылып. Осылай циркуляция өтеді, немесе 
“элиталардың айналмасы”. В. Парето басқарушылардың екі басты қасиеттерін 
ажыратады: сеніду шеберлігі, адамдардың сезімдерімен манипуляциялау және 
күшті қажетті жерде қолдану шеберлігі. Күш пен басқармашылық элитаның 
бүкіл тарих бойындағы үстемдік етуінің құралдары. 
Р. Михельс элитаны “белсенді азшылық” деп атайды, А. Тойнби – 
“шығармашылыққа қабілеті бар азшылық” дейді. Осы сөздерден элитаның 
қасиеттері анық көрініп тұр: бұл белсенділік, шығармашылық, элитаның 
құрамына кіретін адамдардың санының аз болуы. Соңғы белгі Р. Михельстің 
“олигархиялық беталыстың темір заңында көрсетіледі. М. Янг элитаның негізгі 
белгісі ретінде оның ақыл-ойының коэффицентінің 125 – тен жоғары болуына 
және оның қабілеттерінің жоғары деңгейде дамуына назар аударады. 
Саяси элиталарға келсек, олардың ашық және жабық болуын, монолиттік 
(біртұтас) немесе дифференцияланған (бөлініп тұруын) айтуға болады. Саяси 


элитаның бұл белгілері саяси тәртіптің типіне ықпалын тигізеді. Мысалы, 
авторитарлық тәртіптердің саяси элитасы жабық және монолиттік болады, 
демократиялық тәртіптерде – ашық және дифференцияланған сипатын 
білдіреді. 
Саяси элитаның жалпы белгілері: 
- бұқарадан өздерінің қасиеттерімен айырылып тұруы (интеллектуалдық, 
моралдық, ұйымдастырушылық); 
- артықшылықтарды пайдалану; 
- тұрмыс қалпының жоғары деңгейі, байлығы, мұңсыз өмір сүруі; 
- билік жүргізу монополиясына ие болуы; 
- таптар жүйесінен жоғары тұруы; 
- өзінің құрамына кіретін талапкерлердің іріктеп алуын (рекруттеуін) 
қадағалауы. 
Осы жалпы белгілермен бірге әр елде саяси элитаның ерекше белгілері 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет