Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша
саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс”, “шығыс” принциптері арқылы
байланысады. Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.Д. Истон, Г.
Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу
мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға
байланысты қысымдық мүмкіндігі;
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу
мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның талаптарына
әрқашан жауап берерлік, өзгерген
жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп
отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады
Саяси жүйе ұғымы ХХғ. 50-жылдарына қарай түрлі саяси құбылыстарды
жүйе тәсілі және бихевиористік амал ықпалымен зерттеулердің орын алуымен
байланысты терең негізделіп кеңінен тарала бастады. Дегенмен қазіргі заманғы
саяси жүйе қағидаларының бастауына сонау заманғы саяси жүйе
қағидаларының бастауына сонау Аристотель заманынан келе жатқан саясат
туралы түсінік жатқаны белгілі. Аристотель өзінің саяси ілімдерінде саясатты
бейне бір дербес тұтас нәрсе деп қарауды ұсынғанды. Аталмыш бағытты
қолдаған итальяндық оқымысты Н. Макиавелли саяси ғылымның негізін
салушы ретінде саясат дінге де, экономикаға да, моральға да саймайды,
керісінше ол өзінің саяси мақсаты мемлекеттің бірлігі мен тұтастығын көздеу
екендігін алға тартады. Америкалық саясаттанушы Т. Парсонстың әлеуметтік
жүйе теориялары бойынша қоғамдағы экономикалық, рухани және саяси
жүйелер өздерінің атқаратын
функцияларына қарай ерекшеленеді. Осылайша
олар өз алдына жүйе болып қалыптасады. Саяси жүйе терминін ХХ ғ. 50-
жылдарында Американ саясаттанушысы Д. Истон жасады. Ол саяси жүйенің
әрекет ету тетіктеріне
сипаттама бере келе, оның сыртқы ортамен байланысы
"кіріс”, "шығыс” принцптері арқылы жүзеге асырылатындығын айтты.
"Кіріс” принцпінің мынандай екі түрін, дәлірек айтқанда талаптар мен
қолдаулар екендігін атап көрсетті. Оның пікірінше, қоғамдағы қаржы мен
қазынаның дұрыс немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі
талапқа жатады. Мәселен, ауылшаруашылығына қаржы бөлуді көбейту,
оқытушылардың жалақысын арттыру және т.б. талаптар қойылуына билік
басындағылар назар аудармайтын болса, саяси жүйе
беделінен айырылып
әлсірей түседі. Ал қолдау өз кезегінде үстемдік етіп отырған режимді
күшейтеді. Оның қатарына мысалы, саяси өмірге белсене араласу, қабылданған
заңдар мен шешімдерді өз уақытында бұлжытпай іске асыру, салықты дер
кезінде төлеу және т.б. жатқызуға болады. "Кіріс” принцптерінің жүзеге
асырылуы нәтижесінде сыртқы орта қоғамның саяси жүйесіне ықпал етеді.
Саяси жүйе түскен талаптарды жан-жақты қарастырады. Ретке келтірілген
осындай әрекеттердің салдары ретінде саяси жүйе көрсетілген қолдауларға
жауап беріп отырады. Яғни "шығыс” принципі жүзеге асады. Осындай процесте
қаржы мен қаражатты дұрыс бөлу туралы билік орталықтарының идеалды
шешімі өмірге келеді. Егерде қоғам мүшелерінің талаптарын билік
басындағылар
тыңдамайтын болса, олардың шешімдері қолдаусыз қалады. Ал
талаптар шамадан тыс көп болмаса және "кіріс” пен шығыстың әрекеттері дәл
уақытысында өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе нақты, тиянақты жұмыс
атқарады.
Саяси жүйе халықтың нақты егемендігін жүзег асыратын қажетті механизм
болып табылады. Саяси тәжірибеде халықтық өкілдікті жеке бір саяси топтар
мен мүдделер, партиялық қозғалыстар өзіне иемденеді.
Саяси жүйе қоғамдық жүйеден дербес болады. Саясат арқылы шешілетін
проблемалардың көбеюіне байланысты оның ролі арта түседі. Бірақ артық
дербестік қоғамның бірлігіне қауіп төндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: