2) Мемлекеттің түгелімен қоғамның пайдасына үлкен үлес қосатын
экономиканың тиісті саласының дамуына қажетті жағдайлар жасауы.
Қазіргі
құқықтық мемлекеттің
экономикалық қызметтері
мынадай
бағыттарды қамтиды:
-
Қоғамның экономикалық өміріне
мемлекеттің ықпалын мынадан көруге
болады: мемлекет бюджетті жасайды және экономикалық дамудың ел
көлеміндегі бағдарламаларына сәйкес оның жұмсалуына бақылау жүргізеді;
өндірістің және ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын қаржыландырады,
өндірісті ынталандыруға жәрдем ақша бөледі. Экономикалық процесстерді
мемлекеттік реттеуде жоғарғы және жергілікті
мемлекеттік органдар, арнайы
мекемелер қатынасады.
- Әлеуметтік сферада
– Құқықтық мемлекетте материалдық жағдайларды
бөлу
өндірушілердің
арасындағы
эквиваленттік
айырбастан
басқа
тұтынушылармен іске асырылады. Оның әлеуметтік саясатының көздейтіні
біріншіден, әлеуметтік табысты бөлуді әркімнің сіңірген еңбегіне қарамай
жүргізу қажет. Себебі, әртүрлі объективтік себептерге байланысты өз жөнінде
толық жұмыс істей алмайтын адамдардың (ауырулар, инвалидтер, кәртайған
адамдар,
студенттер, балалар) өмір деңгейін қадірлеуді қамтамасыз ету
қажеттігі.
Халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көп балалы аналарды, жұмыссыз
адамдарды), зейнетақымен қамтамсыз ету, денсаулық сақтауға, білімге, жол
құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға, байланыс құрлдарына қажетті
қаржатты бөлу т.б.
-
Экологиялық сферада
- кәзіргі мемлекеттерде көптеген табиғат қорғау
туралы заңдар шығарылған, олар адамдардың және мекемелердің жұмыстарын
табиғат қорғау жағынан реттейді (Қабылданған заңдарға жануарлар дүниесін,
ауаны,
табиғи байлықтарды, суды, жерді, орманды) қорғау жатады. Көптеген
елдерде өмір сүрген ортаны қорғау туралы ұлттық жоспарлар жұмыс істейді.
Онда табиғатты бұзушыларды жазалайтын шаралар белгіленген, жерді, ауаны
ластайтын өндіріс қалдықтарын жою жолдары белгіленген.
Азаматтардың
экологиялық
жағдайын,
экологиялық
қауіпсіздікті
қамтамасыздандыру жұмыстарын жүргізу. Сөз соңында айта кету керек, бұл
функция ішкі және сыртқы көріністерде қатар жүреді. Басқаша айтқанда бұның
екеуіне де қатысы бар. Осындай тәріздес функцияларға ғылыми-техникалық
прогресті қамтамасыз ету бағыттары да жатады,
айталық ғарышты бірлесіп
зерттеу және жұртшылыққа ақпарат көздерімен таныстыру қызметін көрсету.
Сыртқы
функциялар мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік қоғамдастыққа кіру мақсатына басқа мемлекеттермен өзара
тиімді
экономикалық,
саяси,
ғылыми-техникалық,
мәдени,
әскери
ынтымақтастықта болу;
2) сыртқы шабуылдан өзін қорғау, мемлекеттің шекарасын сақтап қалу;
3) жер шарында бейбітшілікті қамтамасыз ету, соғысты болдыртпау,
қарусыздандыру, ядролық қаруды жою.
Қазіргі
кездегі
Достарыңызбен бөлісу: